Home » Жаңалықтар » Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі

Педагогтардың кәсіби-тұлғалық дайындығын күшейту мәселесі білім беру саясатының басым бағыттарының бірі болып саналады.

2016 жылдың 02 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда мұғалімнің шығармашылық әрекеті» тақырыбында облыстық семинар-коучинг өткізілді.

Атаулы іс-шараға СҚМУ «Педагогика және психология» кафедрасының «Әлеуметтік ұстаз және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша студенттер, М.Жұмабаев атындағы ПГК оқытушылары, өзін-өзі тану пәні мұғалімдері, курс тыңдаушылары қатысты (барлығы- 58).

Семинар-коучинг «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын алғашқы болып жүзеге асырған Петропавл қ. Ж.Тәшенев атындағы №20 ОМ қабырғасында өткізілді.

Мәңгілік Елдің қазіргі білім беру сапасын қамтамасыз ететін рухани-адамгершілік білім берудің әлеуетін күшейтуде педагогтардың кәсіби дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау бағытында семинар-коучингте тәжірибелік жұмыстар, шеберлік сыныптары, коучинг, ашық сабақтар көрсетілді.

Іс-шараның ашылу салтанаты С.А.Назарбаеваның «Жүрекке жол тапқан бағдарлама» («Адамды ақиқат, ізгілік пен сұлулық заңдарымен өмір сүруге шабыттандыру – ұлы міндет…» тақырыбындағы республикалық семинар материалы негізінде, 31.10.2016 ж., Алматы қ.) тақырыбындағы бейнежазбамен басталды. Мұғалімдер пікіралмасу кезінде бағдарламаның өзектілігі мен өміршеңдігіне көз жеткізді.

Өзін-өзі тану мұғалімдері, атап айтқанда Тәуелсіздік құрдастары, «Тәуелсіздік құрдасы болу – Мәңгілік Елдің жас мамандары үшін асқан бақыт»  тақырыбында өздерінің кәсіби өміріндегі қол жеткізген жетістіктерімен және «Жас ұрпақтан мерекелік шашу» тақырыбындағы би композициясын ұсынды.

Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда болашақ мамандардың рөлі ерекше. Біліктілікті арттыру жүйесінде жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық байланысты ұстану өте маңызды. СҚМУ «Педагогика және психология» кафедрасының «Әлеуметтік ұстаз және өзін-өзі тану» мамандығының студенттері өз ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, Сапарова Лариса рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда ел ертеңі жастардың қоғамға риясыз қызмет етуі, мұқтаж жандарға көмек көрсетудегі қайырымдылық акцияларының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар бұл бағдарламаның болашақ отбасының иесі ретінде жеке адам өміріндегі маңызын да ерекше құрметпен атап өтті.

Өзін-өзі тану сабақтары арқылы отбасындағы тәрбиенің беріктігін нығайтуға болары сөзсіз. Әр сабақтың шәкірт үшін берері мол. Ж.Тәшенев атындағы №20 орта мектептің өзін-өзі тану мұғалімдері Калиева Б.С. «Отбасы жарастығы», Тлеугазина Қ.А. «Бауырмалдық және кеңпейілдік» тақырыптарындағы өткізген ашық сабақтарындағы  оқушылар жауаптарынан, шығармашылық жұмыстар кезіндегі тәжірибелерінен бағдарламаның маңыздылығы байқалды. «Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген семинарларды  ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіби шеберлігі» тақырыбындағы шеберлік сыныбы (Кабдолина Х.Н., Мамлют ауданы Бексейіт ОМ, Сәбитова А.С., Жамбыл ауданы Благовещенка №2 ОМ өзін-өзі тану мұғалімдері), «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны – жаңа қоғамның дамуының маңызды бағыты» тақырыбындағы коучинг (Байкенова С.Ж., ДБО тренері) мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан дамуына зор мүмкіндік жасады.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біздің шаңыраққа 25 жыл» тақырыбындағы өзін-өзі тану курс тыңдаушыларының күшімен дайындалған шығармашылық есебі іс-шараның маңыздылығын арттыра түсті.

Семинар-коучинг қорытындысы бойынша ұсыныстар шығарылып, атаулы іс-шараның маңыздылығы талқыланды, белсенділік танытқан мұғалімдерге сертификаттар табысталды.

Тәжірибеге бағытталған семинарлардың мұғалімнің шығармашылық әлеуетін арттыруда және мектептегі отбасы тәрбиесінің негізін қалауда маңызы зор.

С.Ж.Байкенова ,
өзін-өзі тану пәні тренері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.