Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып ұлттық ойындар туралы білімдері мен дағдыларын дамыту. Спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Оқушылардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын нығайту.
Құрал-жабдықтары: асық, арқан т.б
Команда құрамы: әр сыныптан 2 ұл, 2 қыз қатысып, бір топты құрайды
Жарысты бағалау.
Әрбір ойын 5 балды жүйемен бағаланады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Жарыс барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгін өткізгелі отырған «Мәңгілік елдің салауатты ұландары» атты ұлттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Гимні орындалсын
2- жүргізуші:
Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз!-дей келе ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.
1-жүргізуші
Ақ жейделі «Алау» тобы
Қызыл жейделі «Қызыл жебе»тобы
Көк жейделі «Көк байрақ» тобы
Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
- Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Муратова Света Балапанқызы
- Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Шокенова Маншук Аманкелдіқызы
- Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Сейфоллина Гулжан Кенжеқызы
1-жүргізуші
Жар салып алты Алашқа,
Әрбір қазақ баласы
Қара жорға билесін, — дей отырып денемізді жаттықтырып, жарысқа дайындайық.
2- жүргізуші:
Бағдарламадағы ойындар тізбегі бойынша таныстырып өтелік.
- Таныстыру (топтың аты, ұраны, төс белгі)
- Асық ату
- Білектесу (топ басшылары)
- Арқан тартыс
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2050» жолдауында біздің болашақ балаларымыз салауатты өмір сүру өз қолымызда деген мақсатта бүгінгі «Мәңгілік Елдің салауатты ұландары» ұлттық ойындар жарысын бастауға дайынбыз ба? Олай болса ІСКЕ СӘТ
І кезең таныстыру кезеңі. Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.
2- жүргізуші:
ІІ кезең.
Шеки алып қолыма,
Асық ойнап ләй-ләй
Мұнша бала таңқалып,
Тұрсақ ойнап ләй-ләй.
Кешке дейін асықты
Ойнап едік ләй-ләй.
Қызығына ойынның,
Тоймап едік ләй-ләй.
Ортада асық ату ойыны
1-жүргізуші
ІІІ. Білекті болу оңай ма
Қажет оған көп айла
Сол үшін біз аянбай
Тер төгейік алайда . «Білектесу ойыны»
Ойынға қатысушылар тек оң қолдарымен білектеседі. Білектесу 3 рет орындалады, ойыншының біреуі 2 рет жеңіске жеткенше.
2- жүргізуші:
ІІІ. «Арқан тарту» ойыны.
« Тартысайық арқанмен,
Кімнің тобы мықты екен.
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып шығар екен?»
1-жүргізуші
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!
Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Ұрыс айтқан ұлы Абай атамыз да-дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау салауатты өмір салтын ұстантын ұландар болайық деп сайысымызды аяқтаймыз.
А.Ә. Тағыбаева
Алматы қаласы,
Бостандық ауданы,
№146 мектеп-лицейі