Home » Жаңалықтар » Мәдениетті ұстаз — ел мәртебесі

Мәдениетті ұстаз — ел мәртебесі

«Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.»

Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауы

 

Музыка арқылы  сауаттылықты арттыру, ұлтымыздың бай мәдени мұрасы жайлы танымдарын тереңдету, ата-бабамыздан қалған мәдени мұраны  қастерлей білу мақсатында «Ізденіс» мектепішілік шығармашылық топтың «Қазақтың жүз әні» атты бағытта мектебімізде ұстаздар арасында  Жолдыбаева Дидар Рахимбекқызы «Әуенді тап» сайысын өткізді. Сайыс бес кезеңнен құралды, атап өтсек: «Жұлдызды бейне», «Сен білесің бе?», «Әуенді тап»,  «Мақал-мәтел», «Кім жылдам».

Әл-Фараби атамыз «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадына жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, қорқышныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген сөзге ұстаздарымыз әбден лайық. Сайыста өжеттілік, жылдамдылықпен көзге түскен жеңімпаздар өз деңгейінде марапатталды.

Қорыта айтсак, мұндай іс-шаралар ұстаздарымыздың шығармашылығын арттыруға, еліміздің мәдениетін дамытуға үлесін қосады.

Сарсенбаева Айым Берлібековна
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
«Кеңгір селосының №2 жалпы орта
 білім беретін мектебі»КММ
Педагог-логопед

  

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.