Home » Ашық сабақтар » БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУҒА  ЫНТАЛАНДЫРУ

БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУҒА  ЫНТАЛАНДЫРУ

 

«Балаға күштеп білім беруден гөрі,

баланың білімге деген құштарлығын ояту

–ең маңызды мақсат»

К.Д.Ушинский        

  Оқушыны объективті түрде қалай бағалау керек? Бағалау оқыту қорытындысын шығару үшін қалай әсер етеді? Не маңызды: оқушының мұғаліммен жұмысын бағалау ма немесе оқушы өзін бағалауы ма? Мұғалімнің не істеуі керектігін айтқаны ма, әлде оқушы өз қатесін өзі тауып, шешу және алдағы кезде қателік жібермеуге үйрету ме? Оқушы үшін не маңызды: сабақта өз жұмысына өзі анализ жасау ма немесе артық жаттығу орындау ма сұрағына  жауап  беріледі. «Баға» оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, келешекте дамуына ықпал ету үшін қойылады. Бaғалау бaрысындa бaлa  мақтағанды қалайды және соған лайық болуға тырысатыны белгілі. Сондықтан баланы мақтау арқылы жұмысының дұрыстығына   тоқталып, соңынан қате кеткен тұстарына ұсыныс жасау барысында оқушыға жеткізіп отырсақ, онда  сабаққа деген құлшыныстары арта түсетіндігін анықтадық.

Мектепте бірдей бағалау критерийі жоқ. Әр мұғалім критерийді оқу пәнінің мазмұны мен стандарт талаптарына сәйкес өздері құрастырады.  Мұғалімдер көп жағдайда оқушыны дәстүрлі бағалайды, сондықтан оқушының мектептегі бағасы өмірде қаншалықты рөлі бары екендігін ойландырады.

Мақсаты:

  • бағалаудың мәні,себептері және түрлерімен таныстыру.
  • бағалаудың түрлерін ажырата отырып, практикада қолдануына қолдау көрсету.
  • оқыту үшін бағалаудың оқушының оқуға деген ынтасына әсерін анықтап,талдау.
  • бағалаудың критерийлері мен түрлерін қолдану.
  • оқушыларды өзін-өзі бағалауға, объективті бағалауға, өзара бағалауға дағдыландыру.

Міндеттер:

  • бағалаудың түрлерін (қалыптастырушы ,жиынтық,) анықтау;
  • бағалаудың білім сапасына тигізетін оң әсерін анықтау;
  • оқытудың қиындықтарын анықтау;
  • стандарты бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұнын, білім беру стилін бақылау;
  • бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.

Жалпы білім беретін орта мектептерде бағалаудың элементтері енгізілуде, соның ішінде критерий арқылы формативті бағалау жақсы енгізілуде.  Біз бағалаусыз оқу үдерісін елестете алмаймыз. Бағалау болмаса, білімді меңгеру де болмас еді. Баға оқушыны білім алуға ынталандыратын құрал, өмірге дайындауға көмектесетін құрал.

Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалаудың белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл бағалаудың білім сапасын көтеруде мәні өте зор ( Бегляров Э. 2010).

Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

«Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады

«Баға»  оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, келешекте дамуына ықпал ету үшін қойылады. Бағалау оқушылардың ойлау қабілетін дамытады және өзін-өзі бағалауы жақсарады

         Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыталуда.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі–оқытудың әдіс–тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе–оқыту әдісін дұрыстаңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әр бір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.

Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді

Алғашқы бағалау жүйесі Германияда пайда болған.  Ол үш балдық жүйе  еді, «1разряд» -үздік, «2 разряд» -орташа  және «3 разряд»- төмен деген мағына берді.  Балл оқушылардың басқалармен салыстырғандағы деңгейін көрсетті. Уақыт өте келе  орташа деңгей  оқушылардың көбеюі әсерінен екіге бөлініп, бес балдық жүйе пайда болды және кейіннен Ресейдегі бағалау жүйесі орнын басты. Бұнда балдық жүйеге басқаша мағына берілді, яғни оқушылардың разрядын емес, балдық жүйе көмегімен оқушылардың танымын бағалауға тырысты. ХХ ғасырдың басында енгізілген бес балдық бағалау  1950-ші жылдардан бастап шындығында 3 балдық бағалау жүйесіне айналды, «4» пен «5» ке оқи алмайтындар үшін, 2 балдық бағалау десе де болады. Бұл бағалау оқушыны оқуға ынталандыра алмады.  Мұғалімдердің кейбірі бес балдық жүйенің өзін 5: +5; -5 деген өзіндік градацияны қолданды.

Шетелдік мектептерде білім,білік, дағдыны бағалаудың  -жүз; -он екі, -он,-екі т.б. балдық бағалау жүйесін тәжірибеде қолданып көріп, бағалау жүйесін енгізуде тұрақты шешім қабылданды. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында білімді бағалаудың ерекше жүйесі бар.  «А» деген баға біздің «5»-тігіміз, егер тапсырманың 90-100 %-ы орындалса қойылады. «В» деген баға біздің «4»-тігіміз, тапсырманың 80-90 %-ы орындалса қойылады.  «С» деген баға біздің біздің «3»-тігіміз, егер тапсырманың 70-79 %-ы орындалса қойылады. Тапсырманың тек 60-69 %-ы орындалса «Д» деген баға қойылады, ол біздің «2» деген бағамыз.

Қазақстандық бағалау жүйесіне назар аударатын болсақ, жалпы орта білім мектептері қазіргі кезде сынға ұшырап жүрген 5 балдық бағалау жүйесін қолданып отыр.  Жоғарыда атап көрсеткенімдей, бұл бағалау оқушының оқуға ынталандыра алмай отыр. 2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдауымен  Кембридждік әріптестермен бірлесе құрылған Біліктілікті арттырудың деңгейлік курсы бағдарламасындағы  Оқуды және оқу үшін бағалау модулі осы олқылықты жою жолын көрсетіп отыр. Деңгейлік курсты аяқтап, сертификатталған мұғалім мектептегі тәжірибесінде түйінді идеяларды жүзеге асыруда кедергіге ұшырайды, себебі сабақ соңында қалыптасқан 5 балдық бағалау бойынша бағалауы керек

Бағалау жүргізу үшін ең алдымен мынаны анықтап алу керек, оқушылар не біледі, нені істей алады, сонымен қатар қандай қиындықтар кедергі келтіреді. Мен курс барысында оқушылардың білімін критерий бойынша бағалауға болатынын  білдім. Критерий бойынша бағалау оқушылардың білімін тексеруге, сабақтың материалдарын қаншалықты меңгергендерін білуге мүмкіндік беретінін, ашық бағалауға, оқушылардың не үшін ондай баға алғанын өздері оңай түсінуге, мұғалім мен оқушы арасында түсіністік орнауына көп септігін тигізетінін байқадым.

Алдағы уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын бағалау жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Бағалау тек қана үлгерімді көрсету ғана емес, мұғалім оқушыға өзінің нәтижесін жақсарту үшін алдағы уақытта не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы, екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

 

Формативті бағалау:

  • Күнделікті тәжірибеде қолданылады(сабақ сайын, күнбе күн);
  • Алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс;
  • Оқушыға да, мұғалімге де қолайлы бағалау формасы;
  • Мұғалімге сыныптың үлгірімін қадағалауға көмектеседі;
  • формативті бағалау қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады

 

 Сумативті бағалау:

  • Бірнеше уақыттан кейінгі оқу нәтижесін көрсететін суммативті немесе қортынды бағалау (емтихан, қортынды тест, білім кесіндісі т.б)
  • Формасы мен бағалау әдісін мұғалім айқындайды

Суммативті бағалау – бұл өлшеу үрдісі, бірақ ол өзімен өзі өсімдіктің өсуіне әсер етпейді

Формативті бағалау нәтиженің дамуы мен өсуіне тікелей әсер ететін ұрдіс

Сондықтан формативті бағалау оқыту мен оқудың маңызды факторларының бірі

 

Формативті бағалаудың шарттары

  • Оқушылардың оқу мақсатын білуі мен түсінуі
  • Оқушылар мен тиімді керібайланыс
  • Өздерінің тану үрдісіне белсенді қатысуы
  • Оқушылардың бағалау өлшемдерін білуі мен түсінуі
  • Оқушылардың өз жұмыстарын талдай алуы және талдау мүмкіндіктің болуы (рефлексия)
  • Бағалау қортындылардың негізінде оқыту амалдарын түзету

 

Американдық профессор Эдвард де Боно ойлаудың алты қалпағы  әдісі

 

  • Бақылау жұмысы нақты, түсінікті, уақтылы, тақырыпқа сай
  • Оқушыны оқытуда үрдістің қалай жүріп жатқанын көрсетеді
  • Мұғалімнің жетістіктері мен кемшіліктері
  • Мұғалімен оқушы арасында және оқушымен оқушы арасында өзара сыйластық пен жақсы қарым қатынас
  • Бақылау жұмысының нәтижесі оқушылардың ой бағытын өзгертуге, қатесін түзеуге, дұрыс жауап беруге уақыт бөлінеді
  • Дұрыс құрастырылған сабақ түрі жетістікке әкеледі, оқушы нақты бағасын алады.Келешекте сабақты түрлендіру жаңаша әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, іздену  оқушыны әділ бағалау оқушының оқуға ынтасын арттырады

 

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады.

Бағалау нәтижесінде оқушыларда уәж, өздеріне деген сенімділік, көшбасшылық қабілеттері көрініп, ең бастысы әділ білім көрсеткіші байқалғанына көзіміз  жетеді.

Ал  оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады.

Оқушының бойында қалыптасуға тиiстi дағды мен шеберлiк мемлекеттiк стандарт талабына сәйкес болу үшiн , оқу – бiлiм үрдiсiнде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелi жұмыс жүргiзу арқылы бiлiм сапасын арттыруға болады

 

 

Нурбикенова Гульназ Жанабаевана
Информатика пәнінің оқытушысы
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
Көкшетау қаласы

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1.Құтпанбаев Ә, «Оқушының білімін бағалау дұрыс па?»Журнал «Бастауыш мектеп» №6,2001ж.

2.Локтионова М.В. Критерии оценки, показатели качества обучения[Электронный ресурс].

3.Пальчевский С.С. Критерии оценивания учебных достижений учащихся по 12-бальной системе   оценивания[Электронный ресурс].

4.Асқарбаев А., Храпченко Г.М. Мектептердегі оқытудың мазмұны мен әдістері. Алматы.«Мектеп»,1981

  1. Бәйдібекова Е. I. Логикалық ойлауға үйрету (Бастауыш мектеп.-Алматы, 1987.№3.)

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.