Оқушының бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам – ең жақсы адам
А.Фердинанд Мектеп — білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттарының ең құндысы оқу мен тәрбие берудің ошағы Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойыңда жақсы білім қалыптастыруда ең алдымен өз-өзіңнен басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру білімнің қай бағытта жүретінін және қандай білімін дамыту қажеттігін білу қиын.
Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.- деп К.Д.Ушинский айтқандай біліктілігімізді арттыруға курсқа бардым. «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарты бағдарламасы» бойынша курсқа барып, көптеген мәліметтер алдым, соның ішінде «Төрт дағды», Спиральды оқтыу», «Блум таксономиясы», «Сындарлы оқыту», «Белсенді оқыту»,Тиімді оқыту» және модерация, ұзақ,орта қысқа мерзімді жоспарлардағы кодты қалай айту керектігі туралы және қалай қолдану керектігі туралы, «Критериалды бағалауды», «дескриптор», әдіс-тәсілдерді қалай қолднау керек соныңы бәрін біздің тренеріміз Қайыржан Сағынтайұлы түсіндіріп ғана қойған жоқ, сонымен қатар тәжірибе жүзінде көрсетті. Осы курстан жақсы әсермен мектепке оралып, білгенімді балаларға үйреттім. Қайыржан Сағынтайұлы білім нәрін бар құштарлығымен біздің санамызға ұялатты. Сондықтан әрбір тақырыпты ерекшелетіп беріп отырды. Әр күн сайын қызықты және түсінікті болды, түсінбегенімізді сұрап отырдық, сол сол сұрақтың өзіне жауап тауып түсіндірп жататын.
Курста бізге дәрістер мен тәжірибелік сабақтар көбінде шынайы өмірден дәлелді мысалдармен түсіндіріп отырғаны ұнады. Курстан өзіме он бес күн бойы білім мен қызықты қажетті ақпараттар алдым. Курс заман талабына сай әр түрлі тақырыптарда және қызықты және жоғары дәрежеде жүргізілді. Осы курстың жүргізілуі менің жұмыс істеу қабілетіме көп әсер етіп, шабытымды оятты. Себебі курс барысында адамгершілік құндылық қасиеттерге байланысты топтық, жұмыстар жасауда, сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларды топпен орындау арқылы өзімді толғандырып жүрген мәселемнің шешімін таптым. Сондай – ақ мағыналы дәріс тыңдап, топпен жұмыс жасау арқылы білімімді толықтырдым.
Адам үнемі жаман ойдан арылып, жарқын ойға шомылу қажет. Себебі нұрлы оймен адам өзіне сенім ұялатады.
Ішкі уәж пен сыртқы уәж арқылы әрбір оқушы бойында мейірім мен адамгершілік, әділдік, адалдық, сүйіспеншілік, құштарлық, шабыт, сенім сияқты қасиеттер мен құндылықтарды дамытуға болады. Әр баланы керемет ішкі күш иесі деп қарап, оның шексіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, туған жерін, отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелей алатынымызға курс барысында көзім жеткендей болды.
Ұстаздың ең негізгі ұстанымы – баланың ішкі дүниесін түсіне отырып, оның өзіне деген сенімін жоғарылатып, әрқашан жақсы нәрсеге ұмтылдыру. Осы курс барысындағы дәрістер әсерлі және маған үлкен ойлар туғызды. Ішкі уәждің тереңдігін түсініп, оның жалпыадамзаттық құндылығын аша білу және әдістемелік тәсілдерді ұтымды қолдануды үйрендім.
Курста үйренген әдіс-тәсілдерді алда тиімді қолдана алатыныма сенімім мол. Ол менің қолымнан келеді.
Сондықтан маңызды да, қажетті дәріс оқыған Қайыржан Сағынтайұлына алғысым шексіз!!!
Олжаева Мырзагүл Олжақызы
№33 жалпы орта білім беру мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Павлодар қаласы