Home » Жаңалықтар » МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБІНДЕ РЕФЛЕКСИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБІНДЕ РЕФЛЕКСИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

Жақында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Деңгейлік бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында «Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуында рефлексияның маңызы» тақырыбында он-лайн семинар өтті. Семинардың басты мақсаты — курстан кейінгі мұғалімдерге қолдау көрсету арқылы талпындыру, іс-тәжірибе жетістіктері мен нәтижелерін көрсету, озат педагогикалық ізденістер мен тәжірибені насихаттау.

Атаулы шарада институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Ақзияш Төренқызы Дүйсембаева алғы сөз сөйлеп, онлайн семинарға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.

Облыстық онлайн семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиал Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың тренері Қ.Бақтиярова жүргізіп отырды. Облыстық онлайн семинарға институттың кафедра, орталықтарының қызметкерлері және қала мектептерінен — 22 мұғалім (№5, 6, 9, 10,12,14, 15,17 23-ші мектептер), ауыл мектептерінен-18 (Маңғыстау ауданынан Шетпе гимназия мектебі, Мұнайлы ауданынан №1 орта мектеп) барлығы 40 мұғалім желілік байланыс арқылы қатысып отырды.

Семинар барысында Мұнайлы ауданының №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлшат Қобланқызы Құлжанова «Педагогикалық рефлексия», №3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнар Қадырбайқызы Мүхаммедова «Білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру-мұғалімнің басты міндеті», Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні Рысгүл Бірғалиқызы Байекеева «Рефлексия дүниетаным мен өзін-өзі танудың негізгі тәсілі», бастауыш сынып мұғалімі Тойжан Ескелді «Рефлексия — сапалы білім кепілі», Ақтау қаласының №9 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арайлым Шерниязқызы Күзербаева «Педагогикалық рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының құралы» тақырыптары бойынша баяндама оқып, іс-тәжірибелерімен алмасты. Әртүрлі тақырыпта ой бөліскен мұғалімдер педагогикалық тәжірибедегі өздерінің іс-әрекеттеріне талдау жасай келе, балаларға жүргізген зерттеу жұмыстары мен қолданысқа енгізілген тиімді әдіс-тәсілдердің маңыздылығына тоқтала келе, әр сабақты өмірмен байланыстыра отырып оқыту оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстар орындауында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға оң әсерін тигізеді деп аяқтады.

Курстан кейінгі керібайланыс негізінде өткізілген «Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуында рефлексияның маңызы» тақырыбындағы онлайн семинар жұмысын орталық жетекшісі Д.Матенова қорытындылап, белсенділік танытқан мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.

 

Дамеш ТІЛЕКБАЙҚЫЗЫ,

Деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.