Home » Айтарым бар » Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?

Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім беру жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет екендігін дәлелдеді. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің алдыңда: «Мұғалімдер XXI ғасырда бәсекеге қабілетті оқушыларды қалай дайындайды?» деген сұрақ тұр. Осы сұрақтың жауабын табу мақсатында білім беру саласында оқушыларда білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ұстаным қалыптасуда. «Бәсекеге қабілетті оқушыны қалай дайындаймын?», «XXI ғасырда нені және қалай оқыту керек?», «Оқушының өзіндік «МЕН» тұжырымдамасын қалай қалыптастырамын?» деген сұрақтардың жауабын табу әр мұғалім үшін маңызды. Себебі заманауи қоғамда оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қана қоймай, оларды тиімді қолдана білуіне басты назар аударылуда. Оқушыға осы аталған дағдыларды қалыптастыру үшін мұғалім бір орында қатып қалмай ақпараттық — коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге тиіс. Мемлекет тарапынан педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтуге, кәсіби өсуіне толықтай жағдай жасалған. Менде Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалында дәріс алып, көптеген оқыту стратегиялары мен педагогикалық тәсілдерді меңгеріп, тиімді пайдаланудамын. Мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету, педагогтар арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қандай тиімді әдіс-тәсілдермен дамытамыз?» тақырыбында өз мектебімде коучинг сабақ өткіздім. Негізгі мақсат: оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында тиімді әдіс тәсілдерді ұсыну, сол әдістерді қолданудағы мұғалімдердің тәжірибелік дағдыларын дамыту болды. Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, рефлексиялық оқыту ұғымын саралап, білім беру саласындағы сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыратын тиімді әдістері мен технологияларын меңгерді.

Әрбір мұғалімнің алдында «Бәсекеге қабілетті оқушы дайындаймын» деген ұстаным болу керек. Себебі мұғалімнің ұстанымы — оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс — әрекетінің негізі. «XXI ғасырда оқушыларды қалай дайындаймын?» деген сұрақты басты назарға ала отырып, әрбір мұғалім өз ұстанымын нақтылап алып, үздіксіз кәсіби даму үдерісінде болулары керек.

 

Э. Қорғамбаева

«Қызыл әскер» ШЖБМ бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО, Түлкібас ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.