Білген адам білімді өмір бойы іздейді
(Иүгінекі Ахмед)
Қазіргі таңда педагогикалық қызметті өзінің шығармашылық дамуы мен жетістіктерін қолдану арқылы және озық педагогикалық тәжірибе арқылы жүзеге асыра алатын мұғалімнің қажеттілігі артып отыр. XXI ғасыр заман талабы бойынша мұғалімнен жүйелі креативті ойлау, ақпараттық және коммуникативтік мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қасиеттері, оң имидж қалыптастыру қабілеті, белгісіздік жағдайында тәуелсіз әрекет ету және күйзеліске қарсы дағдыларын меңгеру сияқты кәсіби қабілеттер талап етіледі. Жаңа типтегі оқу орындарының құрылуы, білім беру мазмұнының жаңартылуы мен кәсіптік қызметтегі басқару аспектілерін айқындалуы мұғалімдердің кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттыру қажеттілігін анықтайды. Педагогикалық кадрлардың сапалық деңгейі білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені барлық басқа бөлшектерді енгізу тікелей білім беру жүйесіндегі адами ресурстарға байланысты. Мұғалімдер өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқылы және міндетті. Біліктілікті көтеру көрсеткіші мекеменің аттестациялау және мемлекеттік аккредиттеу кезіндегі бағалауының маңызды бөлігі болып табылады.
Бүгінгі таңда Астана қаласының педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын келесі ұйымдар жүзеге асырады: «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығы, «Ұстаз» ЖШС, «Білім Сапа» оқу орталығы, РУМЦДО, «Холдинг Кәсіпқор» АҚ.
Қазіргі таңда «Білім беруді жаңғырту» орталығы «Үздіксіз білім беру» жобасын жүзеге асыруда, оның шеңберінде сапаны жүйелі жақсарту және мұғалімдер үшін үздіксіз білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін жағдай жасалуда.
Астана қаласындағы «Білім беруді жаңғырту» орталығының «Үздіксіз білім беру» жобасы аясында мониторинг жүргізілді. 2018 жылы ұйымдар бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру келесі көрсеткіштерді көрсетті: «Білім Сапа» оқу орталығы — 2335, АОО «Назарбаев Университет» — 118, РУМЦДО – 134, НАО «Холдинг Кәсіпқор» — 330, ОФ «Бөбек» — 13, ЖШС «Ұстаз» — 595, АО НЦПК «Өрлеу» РИПК СО – 236, «Өрлеу» ИПК ПР Астана қаласы – 1821, АОО «НИШ» ЦПМ – 918. Барлығы 2018 жылы — 6663 педагог қызметкерлер біліктілігін арттыру курсынан өткен. Соның ішінде УЦ «Білім Сапа», Астана қаласындағы «Өрлеу» ИПК ПР және АОО «НИШ» ЦПМ жалпы сандық көрсеткіштің 76 % алып отыр.
Пән мұғалімдерін ағылшын тіліне оқыту бойынша соңғы 3 жылғы көрсеткіштерге сүйенсек: 2016 жылы — 63, 2017 жылы – 465, 2018 жылы – 597 мұғалім ағылшын тілін меңгерген. 2017-2018 оқу жылында жаратылыстану циклі бойынша 2095 мұғалім ағылшын тілінде сабақтарын жүргізді.
Білім беруді жаңғырту орталығы білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінде мұғалімдердің біліктілігін жоғарылатуды қадағалайтын «Е-Портфолио» электрондық жүйесін құрды.
2017-2018 жылдардағы менеджмент курстары бойынша барлығы 360 педагогикалық кадрлар біліктілігін жоғарылатқан, оның ішінде 2017 жылы бала-бақша директоры – 22, мектеп директоры – 66, директор орынбасары – 37, қосымша білім беру мекемелерінің директорлары – 10 бірлікті көрсеткен. 2018 жылы келесі көрсеткіштер өзгерді: бала-бақша директоры – 25, мектеп директоры – 7, директор орынбасары – 193. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы директор орынбасарларын оқыту бойынша 156 бірлікке жоғарылаған.
2018 жылға ынтымақтастық аясында халықаралық семинарлар өткізілді: 2018 жылдың маусым айында Мәскеу қаласында «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы бойынша семинар, 2018 жылдың қазан айында Түркияда «Тіл және гуманитарлық ғылымдар» бойынша 1-ші Еуразиялық конференция, 2018 жылдың қазан айында Оңтүстік Кореяда «Биология, қоршаған орта және химия» атты 9-шы халықаралық конференция, 2018 жылдың қазан айында Кембриджде өзара ынтымақтастық іс-шаралары және 2018 жылдың қараша айында Сингапурда «Робототехника және мехатроника» халықаралық конференциясы.
Осылайша, жоғарыда аталған факторлар жобаның сапасы мен тиімділігін жоғарылатуына, сонымен қатар барлық педагогикалық оқытушылар құрамының біліктілігін арттырудағы белсенділігіне ықпал етті. Мұғалімдердің кәсіби дағдыларының өсуі арнайы мекеме ұжымдарының кәсіби деңгейіне, оқытудың жаңа құрамы және оқытудың ұйымдастырушылық компоненттерінің дамуына байланысты, бұл біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру қызметтерінің сапасына әсер етеді.
2019 жылға мұғалімдердің біліктілігін арттыруға деген сұраныс қажеттіліктері келесі көрсеткіштерді көрсетіп отыр: орта білім беру мекемелеріне – 1651, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне – 1603, техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріне – 386, қосымша білім беру мекемелеріне – 224 және басқа да ұйымдарға – 160. Алдағы мақсаттарға жету үшін жоба бойынша бірнеше міндеттер орындау қарастырылған.
Тұтастай алғанда, ұлттық білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде, біліктілікті арттыру жүйесі табысты жұмыс жасайды деп қорытынды жасауға болады. Бүгінгі таңда бұл жүйе мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға, педагогикалық шеберліктің өсуіне, инновациялық технологиялар мен оқытудағы заманауи тәсілдер көмегімен жаңа білім мазмұнын енгізуге мүмкіндік беретін негізгі байланыс болып табылады. Жалпы алғанда, алдағы күтілетін нәтиже ретінде мұғалімдерді жоғары сапалы әдістемелік қолдау және оларды оқытуды жоспарлау болып отыр.
Назарбаева Анар Амантаевна,
Астана қаласы
Білім беруді жаңғырту орталығының
біліктілікті арттыру бөлімінің әдіскері
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ильясов Д.Ф. Біліктілікті арттыру институтында мұғалімдерді оқытуды ұйымдастыру // Вестник ТГПУ. 2010. Выпуск 2 (92). С. 30-34.
- Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру қажеттілігі – заман талабы. Электронды қор/мақала. Кіру тәптібі: https://informburo.kz