Керемет жаңалық – Павлодар қаласының №4 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатында (№ 4 ЖОМИ) ұйымдастырылған дамыту ортасының көмегімен бала қоршаған ортамен танысуды үйренетін Монтессори кабинеті жабдықталған.
Монтессори әзірлеген әдістің мағынасы баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен үйренуге, өздігінен дамуына ынталандыруға итермелейді. Педагогтың міндеті – оған өз қызметін ұйымдастыруға, өз табиғатын іске асырудың бірегей жолымен жүруге көмектесу. Педагог Монтессори сыныбында балаға тікелей емес, дидактикалық материалдар – түрлі ойындар, бейімделу арқылы педагог дайындаған бағдарлама бойынша әрекет етеді.
Монтессори — №4 ЖОМИ сыныбында бірқатар аймақтарды қамтиды:
— нақты өмір аймағы – мұнда материалдар орналастырылған, оның көмегімен бала өзіне және өзінің заттарын қадағалауды, тұрмыстық заттарды пайдалануға үйренеді. Ілгектерді пайдалана отырып (түймелер, кнопкалар, сыдырма ілгек, тоқымалар, тиреуіш, баулар мен банттар), бала өздігінен киінуге, күнделікті өмірде өз-өзіне қызмет етуге, ыдысты пайдалана білуге үйренеді;
— сенсорлық даму аймағы – бала қоршаған ортаны зерделеу кезінде өз сезімін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Түрлі танымдылық дидактикалық материалдар балаларға биіктікті, ұзындықты, салмақ, түс, шу, иіс, түрлі заттардың пішінін ажырату, сезінуге сүйеніп, сезінуді дене арқылы қабылдай білуді үйренулеріне көмектеседі;
— тілдік және математикалық даму аймағы – бұл аймақтың материалдары балалардың танымдылық қызығушылығы мен ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етуге ынталандырады.
Сондай-ақ барлық материалдар мен модульдер шағын моториканы дамытуға бағытталған, бұл барлық түзете отырып дамыту жұмыстарының маңызды компоненттері болып табылады.
Жабдық бюджет қаражаты және демеушілік көмек есебінен сатып алынды.
Мектеп-интернаттың басшысы М.М. Насонов «Бала сенімі – М.Монтессори педагогикасының бастауының негізін қалайды. Және біз кабинеттің пайда болуы біздің тәрбиеленушілеріміздің дені сау және толыққанды дамыту жолындағы тағы бір қадамымыз болады», — деп санайды.