Мақтаарал аудандық білім бөліміне қарасты І.Жансүгіров» атындағы № 28 жалпы орта мектебінде жуырда «Мүшелде бір сыр бар…» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Ата бабамыздан келе жатқан дәстүрлі рәсімдердің бірі мүшел жас туралы түсінік беріп, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған сабағымыз көпшіліктің көңіліне ой салды. Қазақта мүшел жас өте қасиетті санаған.
Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы «Мүшелі» делінеді, 13 жас — жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Ата-аналар да қатысып сұрақтарға жауап беріп отырды.
Сонымен қатар оқушылар әсем ән мен би өнерлерін де көрсетті. Мүшел тойдың өзіне тән рәсімдері бар. Ең негізгі рәсімнің бірі ұл балаға қамшы ұстатып, қыз балаға шолпы тағу. Рәсім көреремендерге керемет әсер қалдырды.
Ашық тәрбие сағат өте қызықты өтті. Сабақтың соңында сынып жетекші Айнабаева Тазагул Нышанбайқызы өзінің алғысын білдіріп, жеке пікірін ортаға салды.
Айнабаева Тазагул,
ОҚО, Мақтарал ауданы,
Жылы су ауыл әкімшілігі,
Мырзашоқы елді мекені,
І.Жансүгіров атындағы № 28 жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
8 «Ә» сынып жетекшісі