Home » Жаңалықтар » Мың жылдығыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле!

Мың жылдығыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле!

ХХ ғасырдың заңғар жазушысы М.Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» десе, «Мың жылдығыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле» дегендей, ұрпақ бойына саналы білім мен тәрбие беруде қоғам алдында ұстаздар мен ата-аналардың рөлі зор. Осыған орай, мектебіміздің МБТЖО Г.У. Таймаганбетованың ұйымдастыруымен қаңтар-сәуір айлары аралығында «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес және оның алдын алу» жұмыстарына байланысты жылдық іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспар бойынша ақпан айында ай бойы мектеп оқушыларынан нашақорлық пен маскүнемдік, темекінің зияны туралы сауалнамалар алынып, мектеп психологы Кунанбайова Чыныгул түсінік жұмыстарын жүргізді. Наурыз айында «Есірткісіз болашақ» атты оқушыларға арналған тәрбиелік-танымдық шаралар мен «Есірткі – заман кеселі» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шамаева Баян 6- сынып оқушылары арасында шығарма байқауы, «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» атты тақырыпта бейнелеу пәнінің мұғалімі Байтерекова Айгерім 5-6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы және «Жастар есірткісіз болашақ үшін» атты айдармен 9-10 сынып оқушыларының арасында қабырға газеттері байқауын ұйымдастырып өткізді. Нашақорлық пен маскүнемдікке, темекі, ЖҚТБ індетіне қарсы, ата-аналарға арнап жиналыстар, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушылары мен нарколог дәрігерлері кездесіп кесапаттың зиянын түсіндірді. Іс-шара соңы шәкірттер арасында «Салауатты өмір – жарқын болашақ!» атты ұранмен КТК байқауы ұйымдастырылды.

Бала тәрбиесі өте нәзік, жауапты іс. Қажымас табанды еңбекқорлық пен өлшеусіз тер төге білудің нәтижесі тудырмай қоймайтындығы сөзсіз. Олай болса, жас ұрпаққа сапалы, озық білім, саналы да ұтқыр тәрбие беру жолында бәріміз бірігіп, бір кісідей жұмылып, жанқиярлықпен күресе білсек қана, шығар биігіміз жоғары болатыны сөзсіз!

Біз, қазақ елі, мәңгілік елдікке қол жеткізу бағытында ең алдымен ХХІ ғасырда өз ұл қыздарымызбен мақтана алатын алтын ғасырына айналдыра білейік, ағайын!

 

Меңдібаева Нұрсұлу

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

№21 орта мектеп коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің педагог

ұйымдастырушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.