Home » Мақалалар » Музыка сабақтарындағы қазіргі заманғы білім беру технологиялары

Музыка сабақтарындағы қазіргі заманғы білім беру технологиялары

Мақаламды Абай атамыздың «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» — деген өлең жолдарымен бастауымның себебі бар. Расында да әнді тыңдай алатын, әуелете айта алатын, одан өз жан дүниесінің бейнесін көре алатын, басындағы не бір жәйттерді әнмен, сазбен жеткізе білетін, сезімтал, сыршыл, сұлулықты сүйетін халықтың ұрпағын тәрбиелеуші біз – ұстаздармыз. Мектептегі қай пәнді алсаңыз да, заманның сұранысына бағытталып жұмыс жасауға міндетті, өйткені жастарымыз болсын, жоғарғы буын өкілдері болсын сол ағымнан қалмаймыз деген ниетте жұмыс атқаруда. Мен өзім музыка пәнінің мұғалімі болғандықтан, былай деп ойлаймын: қазақ халқының мақтаныш етер асыл қазынасы, ғасырлар сүзгісінен өтіп, бізге мұра болып жеткен қазақ әні – қазақ жанының ғасырлар бойы шаң баспаған айнасы. Музыка пәні бала бойына отаншылдық, өмірге деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға дұрыс бейімделіп, оның барлық жақсылығын сезінуге, жекелей қасиеттерін дамытуға үлкен үлес қосады. Менің ойымша, музыка баланың ішкі жан дүниесін, атап айтсақ ойын, қиялын, еркін дамытады, әрі сезімталдығы мен аңсар мұратына, сағыныш-шеріне, қуаныш-шаттығына, рухани болмысына нәр береді. Осы мұраны әрі қарай жалғастырушы жас буын өкілдеріне дұрыс жеткізу – біздің міндетіміз.

«Сана-сезімнің ең жоғарғы биігі ол – музыка. «Музыкалық тәрбие ала алмаған баланы толыққанды тәрбие алды деп айтуға болмайды» деген екен В.А. Сухомлинский. Осы кісінің сөзіне жүгіне отырып, музыка пәнінің орны білім саласында ойып тұрып алынған десем қате кетпедім деп ойлаймын. Көп жерде музыка пәнін негізгі пән ретінде де қабылдамай жатады. Кезінде Пифагор өзінің «Ақылдылар» мектебінің ірге тасын қалағанда оның негізіне екі пәнді алған екен – ол музыка мен математика болатын. Ол сандар мен музыканың сабақтаса отырып бірін-бірі толықтыратынын, бірі-бірінсіз сапа бермейтінін айтқан. Ал сапа көрсеткішін көтеру үшін және нағыз талант иелерін шығару үшін жаңашылдықпен жұмыс істеу маңызды.

Жыл сайын білім саласы да әлемде әйгілі болып жатқан білім технологияларына қарай ұмтылып, ұстаздарды осы жаңашылдыққа бейімдеп оқытуда. Ол тек дайын технологияны оқып келіп мектепте сабақ беру емес, сонымен қатар өз жаныңнан жаңадан бір үрдістерге бейімделіп, сол бағытта жұмыс істеу болып саналады, осындай жақсы жаңалықтар ашып, білім саласында жоғарғы деңгейге көтерілген жандар көп. Ұстаз болғандықтан, мен де осындай жаңашылдыққа жаным жақын жанмын, өзімнің сабақтарымды жаңа технологияларды қолдана отырып өткіземін, өйткені қазіргі балалардың да, ата –ананың да сұранысы сол болып отыр. .

Осы орайда, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру – білім беру мекемелерінде жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді. Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты – инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:

Біріншіден, білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы. Осы жерде өз практикамнан бірер мысал келтіріп кетпекпін, мысалға мектеп оқушыларының ішінде бәрі бірдей туа біткен әнші, биші, күйші болмауы мүмкін. Кей бала музыканы мүлдем түсінбейтіндері де кездеседі. Ал бұл жерде мұғалімнің шеберлігі өте қажет. Біз сабақтарымызда тек ән айтып қана қоймаймыз ғой, сонымен қатар балаға теориялық білім де береміз, яғни өлеңдердің шығу тарихы, авторларының өмірбаяндарымен, өлеңнің құрылысы мен мазмұнына үлкен көңіл бөлеміз, өйткені бала өлеңнің не жайлы екенін түсінбесе, нақышына келтіріп айта да алмайды. Міне, осы жұмыстар барысында «Сын тұрғыдан ойлау» технологиясының «Автор орындығы» элементінде авторға хат жазып, автор орнына өзін қоя білуі, «Инсерт таблицасы» бойынша өлеңнен ең негізгі жерлерін түртіп алып үйренуге жетелейміз.

Екіншіден, оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы да ұстазға байланысты. Біз алдымызға келіп отырған әр оқушыны өз көзқарасы бар жеке тұлға ретінде қабылдап қана қоймай, ең бірінші оны өзіміздің досымыздай қабылдаймыз. Бала мұғалімнен тайсалмай, іште жатқан бар ойын сараптап, саралап дұрыс, еркін жеткізе білуге үйретеміз. Ол үшін «Дамыта оқыту технологиясының» берері мол. Біз оқушыны ойната отырып, ойлатамыз. Бала тек кітапта бар жаңалықпен шектеліп қана қоймай, интернет желісінен ұстаз берген тапсырмаға сәйкес дерек алып үйренеді де, сол алған деректің ең негізгісін дәптер бетіне жазып алады, ол баланың, біріншіден, білімінің көтерілуіне, дамуына, екіншіден, ойын дамыта отырып жүйелей алуына үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар заманауи технология тілін де жетік меңгеруге көп көмегі тиеді.

Үшіншіден, мұғалім мен білім алушының өзара қарым-қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігіне тоқталсақ, баланың алдына мұғалім берген тапсырмасын бала міндетті түрде іздеп тауып әкелуге, жауапкершілікке үйренеді. Ол не дегеніміз, ол яғни бала егер тапсырмасын дұрыс тауып, мұғалімнің көңілінен шығып және оқушылардың белсенділігіне ықпал ете алса, онда ұстаз ретінде мен балаға мақтау сөз айтуға аянбаймын. Өйткені, ол – бала,       әр баланың ісі мақтанарлық іс болуы тиіс. Қай бала болсын мәртебесін бір көтерсең, одан да жақсы жұмыс істеуге, одан да жақсы баға алуға және қойған мақсатына жетуге ұмтылады. Онымен біз баланы бір жағынан білімге тартсақ, екінші жағынан тек жақсылыққа үйретеміз. Сонда біз оқыта отырып, тәрбиелейміз.

Осы ойымды жазып отырғанда қазақтың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің «Білімнің басы – тәрбиеде, тәрбиесіз білім жоқ» деген сөзі ойыма келеді. Ол дұрыс, тәрбиелі шәкірттің әрқашан да жолы ашық, мерейі үстем болады.

Әр ұстаздың алдына келген баланың денсаулығының да жақсы болғаны абзал. Денсаулықтың жақсаруына музыка пәнінің көмегі өте зор, өйткені бала ән айтқанда біз, ұстаздар қай жерде қалай дем алу керек, демді қандай жағдайда ұстау керектігін үйретеміз, бала егер демін дұрыс алса, ол баланың өкпе қапшығының дұрыс ашылып, дұрыс жабылуына септігін тигізеді. Қай бала болмасын, ән көңілді болса оны қуана, билей отырып айтады, ал егер жалынышты болса, сол сарынға түседі. Ол баланың, бір жағынан, жүрегіне әсер етсе, екінші жағынан әннің ішіне кіріп, қуана да, қайғыра да білуге және өзгенің жағдайын түсінуге тәрбелейді.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.

                                                Әдебиеттер:

  1. Абдуллин Е.Б. «Теориясы және орта мектепте музыкалық білім, тәжірибе» М., Білім, 2005. «Музыкалық және эстетикалық тәрбие дәстүр мен жаңашылдық», редакторлар: E.D.Kрицкая, Л.В.Школяр / М Флинт, 1999 .. М. Білім, 2000.
  2. Беспалько В.П. «Білім беру технологиясының талаптары». М. Педагогика, 1989.
  3. Волков И.П. «Біз шығармашылыққа үйретеміз». М. Педагогика, 1982.
  4. Границкая А.С. «Ойлаймын, әрекет етуді үйрену. » М, 1991 жылы
  5. Гузеев В.В. оқу технология дәрістер, М., білім, 1992
  6. В.В. Гузеев «Білім беру технологиясы»: қабылдау философиясына — М: қыркүйек, 1996..
  7. Замьятина Т.А. «Қазіргі музыка сабағы» оқу-әдістемелік көмек көрсету -m., Баспа үйі «Глобус» -2010g туралы.
  8. Лихачев туберкулезге қарсы Қарапайым ақиқатты М., «Педагогика»
  9. Лобанова Е.А «Денсаулық сақтау-технологиясын жүзеге асыру құралы ретінде. Сабақтың ерекшеліктері.» Журналы «Мектептердегі Музыка» 2005 №3.
  10. Монахов В.М. монография: «Білім беру технологиясы теориясына кіріспе». — Волгоград: 2006 жылы өзгерістер.
  11. Селевко Г.К. «Заманауи білім беру технологиясы»: қолмен. — М: Білім, 2005.

нормативтік құжаттарды 12 .. «жинағы. Өнер «, Мәскеу, дуадақ, 2005

Садыкова Гульнар Екпінқызы

№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы

Көкшетау қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.