Мобильдік қосымша арқылы «ҚазМұнайГаз» компаниясының қызметкерлері үшін мұнай цистерналарындағы мұнай көлемін өлшеуді және есептеуді автоматтандыру жобаның мақсаты болып табылады.
Осы күнге дейін өндірісте мұнай цистерналарының көлемін есептеу және деректерді журналға енгізу қолмен жүргізілетін, бұл ақпаратты жіберуге және өңдеуге жұмсалатын уақытты айтарлықтай жоғарлататын. Экономикалық тұрғыдан бұл үдерісті жүзеге асыру қосымша еңбек шығынын талап етеді.
Бағдарлама AndroidStudio мобильдік қосымшада зерттеп дайындалған. Дәл осы Android операциялық жүйенің ашық бағдарламалық коды цистернадағы мұнайдың көлемін өлшеу үшін маған AndroidStudio бағдарламалау ортасында мобильді қосымшаны жасауға мүмкіндік берді.
Осы қосымшаның жұмыс істеу қағидасы мынада, мобильдік қосымшадан ақпаратты серверге жібергенде компанияның қызметкерлері автоматты түрде деректердің серверде жаңартылуын алады, сонымен қатар уақыттың ағымдағы кезеңіндегі өзгерістерді көрсетеді және алған ақпаратты дерекқорда сақтайды.
Осы үдерістің автоматтаныдырылуы мұнай компаниясы үшін компанияның қызметкерлері қажет ақпаратты жіберуде, өңдеуде және іздеуде едәуір артықшылық болып табылады.
Жобаны әзірлеген кезде зерттеудің келесі әдістері пайдаланылды:
- Цистерналардың көлемін есептеу туралы мақалаларды талдау;
- Қосымшаны компьютерлік үлгілеу;
- Алынған деректерді жалпылау және жүйелеу.
Жобаның өзектілігі осы нұсқаны жұмыс уақыттың нақты жағдайында телефонда, планшеттерде және қандай болса да девайстарда пайдалануға болатынында, осының бәрі бүкіл ақпаратты жұмылдырады және қағаз жұмысының көлемі алған ақпаратты толтыру мен өңдеу бойынша уақытын бірнеше мәрте қысқартады.
Бағланова Ақнұр
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы
Ақтөбе қаласы