Home » Балабақша » Мнемотехниканы — дамыту сабақтарында қолдану

Мнемотехниканы — дамыту сабақтарында қолдану

Мнемотехника – дегеніміз не? Мнемотехника — тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі.

Балаларды жан — жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу, мектепке дайындаудағы балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу — бас мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындаушылар. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес:

-сөздік қорының кемдігі;

-сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;

-дыбыстау кемшілігі;

-берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;

-өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.

Бұл себепте балаға қалай көмек беруге болады? Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге қалай көмек береміз?

Ол үшін біз мнемотехника әдіс тәсілдерін қолданамыз. Ақпарат көздерінен жан жақты ізденіс арқылы біраз мағлұмат алдым.

Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:

— Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; үлгілер т.б/

— «ЖИНАҚТАУШЫ»-сөйлеу материалдарын безендіру.

— жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, т.б.

Мнемотехника — оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.

Мнемокестенің мазмұны — ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті.

Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.

Схема — мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.
Оны біз қолданатын кезіміз:

Сөздік қорын байыту үшін

Әнгіме құруға үйретуге

Балабақша жасында көрнекілік — бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника. Мнемотехника — балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.

Көркем әдебиетті мазмұндауда, жұмбақ жасыру және шешуде, өлең жаттауда құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерін байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.

Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:

Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.

Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.

Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.

Бұл суреттерді салу үшін суретші қабілетін білу керек емес: әрбір тәрбиеші символдық бейнелеуді жасай алады.

Өз тәжірибем бойынша көп қиындыққа кезіктім.

Әңгіме мазмұны көбінде бірдей болатын. Айырмашылығы тек сөйлем санында немесе толықтығында. Бірінші әңгімелер тек қана сөз тіркестерден тұратын: бастауыш-баяндауыш болып. /мысық жатыр, басқасы ұйықтап жатыр/, қайталау сөздерден /сосын, кейін/, сөйлем арасындағы ұзақ үзілістерден. Бастысы — бала өзі әңгіме құрамайды, алдындағы әңгімені қайталайды. Жалығып отырған балаларға жиі ескерту беріп отырдым. Ол тек 30 — 40 секундқа жететін. 4 — 5 баланы ғана сұрап үлгеретінмін, қалғандары немқұрайлы тыңдаушы болатын. Айтарым, бұданда қызықсыз сабақ менде болмаған. Бірақ , осындай сабақ жүргізілуі және оң нәтиже беруі тиіс. Өйткені, бала мектепте сурет бойынша әңгімелей алу керек. Сурет бойынша әңгіме құру үшін сөз байлығын кеңейту керек. Жұмысты бірінші мнемоквадраттан құраймыз, сосын мнеможолға көшеміз, мнемокестеде не бейнелеуге болады?

Негізі, мнемокесте — ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті,болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі.

Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі — түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша — жасыл, жидек —  қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.

Мысалы: түлкі — тоқсары геометриалық пішіннен тұрады. (үшбұрыш, шеңбер) аю — үлкен қоңыр шеңбер, т.б.

Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін.

Дайын модельдік схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып отырамыз.

Балалармен бірге «»Қыс», «Жаз», «Күз», «Көктем» блогтары бойынша мнемокесте жасадық.

Осы схемалар монолог құрудағы көрнекілік жоспар болып табылады.

Әңгіме барысын,

Әңгіменің айтылу кезеңін.

Әңгіменің лексико — грамматикалық толықтауын құруға көмектеседі.

Модель жасау тәсілін қолдану- есте сақтау процессін және мазмұнын ұғынуға көмектеседі. Бұл салада көру, есту анализаторлары жұмыс істейді. Балалар суретті тез еске түсіріп, сонынан сөздерін еске түсіреді.

Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады.

Мнемотехника тиымдылығын сабақ барысында қолданылатын тұстарын көрсетейін:

Мақсаты:

  1. Созылмалы түрде «ү» дыбысын айту.
  2. Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру.
  3. Тіл байлығын дамыту.
  4. Бояу түстері туралы білімін бекіту.

Дидактикалық құралдар: мнемокесте «Көктем»,  үстел  — кеме жіберуге. Кемелер — оригами тәсілімен.

  1. Уақыт болды, пойыз жылжыды!

Балаларды бір — біріне тіркестіріп жүргізе, «чух – чух — чух, ү – ү  -ү, ш – ш — ш» дыбыстауын қадағалаймын.

  1. Қазір біз кемелерді суға жібереміз.

/балалар кемелерді суға жібереді./

Нәтиже: Көктемде шалшықтарға қағаз кеме жіберіп ойнаймыз.

Көктемдегі киім өзгерістерін айтыңдаршы.

-жұқа киінеміз.

-тоң кимейміз.т.б.

д/о «көктемде неше ай бар? атаңдар»

келесі ойын, балалар, «Сөз ойлап тап»

/көктем, көк, көкшіл, көктемгі/

  1. Тағы бір ойын «Сөйлемді дұрыс жайғастыр»
  2. Ысыйды күн көктемде.
  3. Шығады ағашта жапырақтар.
  4. Ағады жылғалардан су.
  5. Жер ашады , гүлдер көгереді.

Байланыстырылған сөйлем құру. /сурет бойынша/

  1. « Қарға сияқты қарқылдай аласыңдар ма?»

Фонетикалық жаттығу:

-бала қарға бәсен дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.

-ана қарға орташа дауыспен : қарқ-қарқ-қарқ.

-әке қарға қатты дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.

  1. Құстар туралы жұмбақ жасырам, сендер жауабын тауып, олардың ішінен ұшып келетін құстарды бөліңдер.

Келесі тапсырма «көктем сөзінде неше буын, неше дыбыс бар?»

Сергіту сәті:

Кәне, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан боп секіріп,

Тоқылдақ боп шоқиық.

Біз бүгін көктем туралы көп әңгімелестік, енді мен сендерге көктем туралы әңгіме оқып берейін./рефлексия/

Эмоция арқылы әңгімені талқылау.

Мнемокесте арқылы әңгіме құру.

Бірақ, жалғыз мнемокестемен шектелуге болмайды. Бұл тек, басты тиымды жұмыс, өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті дамиды.


Раймова Гульхан Дадахановна,
Түркістан қаласы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының
тәрбиешісі

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Полянская Т. Б. «Использование метода мнемотехники в обучении рассказыванию детей дошкольного возраста», 2009.

2 Большева Т. В. «Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники», 2001.

3 Чохонелидзе Н. «Учим стихи по картинкам», 2006.

4 Белоусова С. «Развитие лексики и грамматического строя речи у дошкольников», 2005.

5 Белоусова Л. Е. «Весёлые встречи», 2003.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.