Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Ақкөз Қосанов атындағы №18 трек мектебі облыстағы білімі тереңдетілген білім ошақтарының бірі. Киелі шаңырақта халқымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің аяулы жары Фатима анамыз да білім алған. Әсте бұл тарих.
Ал, бүгінгі таңда Меркі ауданындағы №18 мектепте білікті ұстаздар жан-жақты еңбек етіп, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, өнегелі тәрбие беруде. Солардың бірегейі — аталмыш мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Шаймерденова Гүлфиза Сатылғанқызы.
Кеше Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Ақкөз Қосанов атындағы №18 трек мектебінде педагогтарға арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Жиынға Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Сапаркүл Тұрғанбайқызы, «Меркі тынысы» аудандық газетінің тілшісі Әлихан Атыханұлы Нұралиев және де мектеп ұжымы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – республикалық ғылыми-педагогикалық «Білім айнасы» газеті және www.bilimainasy.kz сайтының директоры Қуантай Амантайұлы мен Бас редакторы Гүлжазира Ертасованың мұрындық болуымен еліміздің білікті әрі тәжірибелі ұстаздарына Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Алғыс хатымен марапаттау. Салтанатты жиында осы мектептің көптеген мұғалімдері, кітапханашысы дипломдарын иеленсе, оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Гүлфиза Сатылғанқызы Шаймерденова білім, ғылым саласына қосып жатқан зор үлесі үшін Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Қорыта айтқанда, алғыс білдіру арқылы Білім және Ғылым Министрі білікті әрі тәжірибелі ұстаздармен ынтымақтастықта жұмыс істей береміз деген сенім білдіріп, ризашылығын жеткізген еді.
Жансая Құрманғалиқызы,
Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
«Білім айнасы»