Осы мақаланы жазар алдында, Арал теңізі туралы көбірек білу мақсатымен іздене бастағанымда Арал туралы біліп, көріп алғанымның бəрі таң қалдыратындай көрініс. ХХ ғасырда теңіз əлем бойынша ауданы жағынан төртінші болды деуге аузым бармайды. Сондай хəлге əкелген адам жандары қазір өздері зардап шегіп жатыр. Су тартылуына не себеп болды? Бұл қашан басталды? Теңізді бұрынғы қалпына келтіру үшін не істелуде және бұл жəйт қайталанбас үшін не істей аламыз?
Арал теңізі орта ғасырларға дейін бірнеше рет өздігінен тартылған деседі ғалымдар. Бұған дәлел болған су астындағы қала мен ою-өрнектер, адам сүйектері. Бірақ бұл жолы себепкер адамдар. Егін жұмыстарында су көзі ретінде рөл атқарып келген теңіздің соңында мөлдірген суы таусылып, тек тұздар қалған. Осы тұздардың ешқандай зияны жоқ десек, ешкім сенбес. Соңғы зерттеулер бойынша тұздың мөлшері 13-20млн тонна деп есептеледі. Дауылдап соққан жел тұзды сонау мұзды мұхитқа қарай апарып тастаған. Олар сан түрлі аурулар тудырып, адам өмір сүруіне қолайсыз болып кетті. Осының кесірінен Арал өңіріндегі халықтың жартысынан көбі туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу ауруларына шалдыққан. БұрынғыАралда орналасқан шамасы мен қаражаты жеткен тұрғындардың барлығы кетіп қалды. Ал жағдайы жоқ, мал шаруашылығы мен балық аулаумен күн көрген адамдармен не болмақ?
Теңіздің жоғалу үстінде болғанына тек егін шаруашылығы кінəлі емес. Байқоңырдың он бес зымыран алаңын ескерген жөн. Ұшырылған зымырандар азон қабатын тесіп, сол мекендегі ауа-райына көп зиянды əсерін тигізіп жатыр. Зымырандар бұл ахуалды мәселеге себепкер емес десеңіздер, елестетіңіздерші, əрбір зымыранға 2 миллион тоннадан су кететін болса, кең байтақ жерді алып жатқан су ертелі-кеш таусылды емес пе? Қазіргі теңіздің жағдайына қарап, кезінде қайықтар мен кемелер жүзген деп айту қиын. Бірақ бұны айғақтайтын теңіз қасындағы ескі порттар.
Екіге бөлініп кеткен теңіздің қазір кіші Аралды құтқару шаралары жүріп жатыр. Адамдардың бұл жобаға қосқан үлесі мен қаржысының нәтижесі көрініп-ақ тұр. Əкелінген балықтар өсіп, жетіліп теңізге қайтадан жан бітті. Бос қалған балық зауыттары қайтадан жұмыс жасай бастады.
Əрине, үлкен Аралды да назардан тыс қалдырмай, құтқару жүйесі жүріп жатыр. Өкінішке орай үлкен Аралға əзірге жан бітіру қиын. Тұздардың көптілігі соншама, су бостан босқа тартылып кетіп жатыр.
Менің ойымша, теңіздің тез қалпына келтіру шарасының бастамасы зымыран аландарын жауып тастап, сол жақтағы егін шаруашылығын тоқтату немесе су көзін теңіз қорына қарай есептеп жұмсау. Сөз жоқ, сол жақта жүргізіліп келген егін шаруашылығы біздің қазақ халқымызды аштан қалдырған жоқ. Ал, Байқоңырдың зымырандарының теңізге тиген зардабынан басқа, Арал тұрғындарына əкелген пайдасы жоқ.
МақтамқұлАқбота
Алматы қаласы,
Алатау ауданы
№182 жалпы білім беретін мектеп
11 «А» сынып оқушысы