Home » Жаңалықтар » Мерекелік кеш ұстаздарға арналды

Мерекелік кеш ұстаздарға арналды

Кеше Павлодар қаласының Естай атындағы Мәдениет үйінде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, ұстаздар күніне арналған «Мұғалім – мектеп жүрегі!» атты мерекелік кеш өтті. Кеш басталмас бұрын барлық ұстаздарға гүл шоқтары табысталып, мерекелік көңіл-күй орнады.

Мерекеге облыстың барлық қала, аудандарынан білікті ұстаздар жиналды. Айтулы іс-шарада облыстық білім беру басқармасының басшысы Бакыт Бексеитова кәсіби мереке иелерін құттықтай келе, Павлодар облыстық білім саласы 2016 жылдың қорытындысы бойынша Республика көлемінде І орында екенін және ұстаздарымыздың еліміздегі ең үздік ұстаздар саналатынын атап өтті.

Салтанатты жиында облысымыздағы білім саласының 60-танастам үздік қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарына, облыс әкімінің Құрмет грамотасына және бірнеше номинациялар бойынша Дипломдар мен бағалы сый-сияпатқа (моноблок, теледидар, ноутбук) ие болды.

Соның ішінде Павлодар қаласынан №39 ЖОББМ-нің неміс тілі пәні мұғалімі Мокроусова Танзиля Рафкатовна облыс әкімінің Құрмет грамотасына, № 10 балабақшасының директоры Темірбекова Ботагөз Каиржановна ҚР Білім және ғылым Министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Павлодар қаласы балалар техникалық мектебінің мұғалімі Соц Сергей Фёдорович ҚР Білім және ғылым Министрлігінің «Ы. Алтынсарин» белгісімен марапатталды.

Жас ұрпаққа сапалы білім беруде жыл бойы үздік көрсеткішке ие

болған ұлағатты ұстаздар арасынан «Тәлімгер ұстаз» аталымымен Екібастұз қаласы №22 ЖОМ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сейтова Кулбаршин Аркалыковна, «Шабыт» номинациясында – Баянауыл ауданы Майқайын №1 ЖОМ-нің биология пәнінің мұғалімі Беремжанова Раушан Баянбековна, «Ізденімпаз» аталымымен Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна марапатталды.

Кішкентай сәбиелерді өзгенікі демей, өз бауырына тартып, мейірімін төге білген ұстаздар да аталмыш мерекенің ардақты қонақтары болды. Павлодар қаласының «Шуақты отбасы» аталымында патронатты тәрбиеші, 3 баланың қамқоршысы, №43 ОМ-тің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Долголевиц Алмагүл Каирқызы, «Тәрбиеге тағзым» аталымында №21 ОМ директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Бондаренко Римма Хабибуллақызы, №28 ОМ-тің аға тәлімгері Михеева Екатерина Олеговна, сондай-ақ «Аялы алақан» номинациясы бойынша №19 ОМ-тің информатика мұғалімі Серикбаев Алмас Сансызбайұлы Дипломмен марапатталды.

Іс-шара барысында жыл сайынғы дәстүрге айналған «Жыл тәрбиешісі-2017», «Жыл мұғалімі-2017» байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де мерекелік марапаттан тыс қалмады.

«Жыл тәрбиешісі-2017» байқауында I орынды Екібастұз қаласы №1 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Шотанова Нурслу Нурланқызы, ІІ орынды Павлодар қаласы №3 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Крюкова Наталья Александровна, ал III орынды Қашыр ауданфынан «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Абсалова Гүлдана Муратовна иеленді.

«Жыл мұғалімі-2017» байқауында №34 орта мектептің физика мұғалімі Мендыбаев Жасулан Габитович бас жүлденің иегері болса, I орын Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Тюлегенов Серик Балыкбаевичқа, II орын дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің информатика мұғалімі Васина Светлана Геннадьевнаға және III место дарынды балаларға арналған «Жасдарын» мамандандырылған мектебінің химия пәні мұғалімі Алибеков Мурат Сабировичқа табыс етілді.

Кеш соңында қазақ эстрадасының жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина ұстаздарды құттықтап, олардың құрметіне ән шырқады.

Серик Искакович ИБРАЕВ, «Шебер ұстаз» номинациясының иегері, Павлодар қаласының түрлі-түсті металлургия колледжінің мұғалімі:

  • Мен білім саласында 18 жылдан бері еңбек етіп келемін. Осы мекемеде қызмет еткеніме де 15 жылдың жүзі болыпты. Жыл сайын колледжде 60 студент кәсіби білім алып шығады. Біз негізінен, Электролиз, Алюминий зауыттарына дәнекерлеуші мамандар даярлаймыз. Бүгінгі іс-шарада еселі еңбегіміздің жоғары бағаланып, арнайы марапаттарға ие болып жатқанымызға қуаныштымыз. Және барлық әріптестерімді күздің ең керемет әрі шуақты мерекесімен құттықтаймын!

         ШАЙФУЛЛИНА Светлана Александровна, Ақсу қаласы

№7 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, «Ізденімпаз мұғалім» номинациясының иегері:

  • Менің білім саласында еңбек еткеніме биыл 26 жыл.

Бүгінгі салтанатты кеш әрбір педагог үшін көңіл толқытар ерекше қуанышты күн болды деп ойлаймын. Білім саласында еңбегі сіңген талай ұстаздар марапаттарға ие болды, біздерге арналып қаншама ізгі тілектер айтылды. Мерекені ұйымдастырушылар да айырықша құрмет көрсетіп, тамаша бағдарламаларын ұсынып жатыр. Біздің облыс қай кезде болмасын, өзінің ұлы ұстаздарын мақтан етеді. Біз, ұстаздар өз тарапымыздан, жас ұрпаққа сапалы білім беруде өз міндеттерімізге адал болатынымызға сенімдіміз.

 

Айгүл МОЛДАШ

Білім айнасы

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.