Home » Мақалалар » Мен өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

Қызылорда ОПД ЕБҚКБ тарапынан
жарияланған сайысқа
(жастар мен жасөспірімдерге жолдау)

         «Менің өмір сүргім келеді. Бірақ маған есірткі өмір сүруге мүмкіндік бермейді, не істеймін?» – деген зарлы дауыс құлағыма келеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей,қалай көмек береміз?! Ойланайықшы, ағайын.
Тыйым салынған затпен күресу тек мамандардың ғана парызы емес, бүкіл қоғамның міндеті деп есептеймін. Есірткімен күресті  күшейту, оған тосқауыл қою бүгінгі күннің басты мәселесі болуы керек. Ойымды сәл әріден бастайын. Арақ жұрттың құмар асы болып жер жүзіне тарап барады. Сол секілді шылым жастың да, кәрінің де ермегіне айналды. Қорқыныштысы әйел затының темекіге әуестенуі күн сайын артып келеді. Ал есірткінің жайы мүлдем сұмдық! Әлемге уын шашып, аяғын алшаңдап басып, аты шулап тұр. Ағайынды үшеуі жастарды өзіне еріксіз  баурап алған заманымыздың ауыр дерті болды және бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Статистикаға сүйенсем, жаман әрекетке тәуелділердің 27 пайызын менің құрдастарым құрайды екен.Бірақ ешқайсысы өз денсаулығының бүлініп, азапқа айналарын сезбейді, күндердің-күнінде бұл пәлелердің ойлануға да мүмкіндік бермейтін халге әкеліп соқтыратыны даусыз.Үш тажал бүкіл елді бүлдірмей, арамыздан аулақ кетуі үшін неістеуге болады?! Олармен қалай күресеміз? Ендеше, мен де осы мақсатқа өз үлесімді қосқым келеді. Кез келген қиындықтан шығатын жол әрқашан табылады. Ол үшін:
1.Рухани дүниеңізді байытыңыз. Өзіңіздің жағымсыз істеріңізге сылтау іздеп, «тек бір рет» деген  мәжбүрлікті тоқтатыңыз;
2.Еңсеңіз түсіп, қиындықтардан арыла алмай жүрсеңіз, оның оңай жолы есірткі деп ойламаңыз. Есірткі Сізге шипа болмайтынын түсініңіз.Нашақорлар өмірінің орташа ұзақтығы  есірткі пайдалана бастаған соң 5 жыл екенін және нашақорлықтың қылмысқа апаратын тіке жол болатынын естен шығармаңыз;
3.Көп жасау, деніңіз сау, бақытты болғыңыз келсе, өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз, дәрігерге уақытында қаралып, олардың кеңесін алған жөн. Жалған намыспен уақытты өткеріп алып, опық жемеңіз;
4.Өзіңізге сеніңіз, өзгелердің теріс әрекетіне бағынбаңыз;
5.Бос уақытыңызды бекерге өткізбеңіз, спортпен шұғылданыңыз. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз;
6.Сіз өз отбасыңыз үшін керексіз, өйткені олардың өмірінің жалғасысыз. Екіншіден, табиғат заңдылығымен отбасын құрып, біреуге әке, біреуге ана болатыныңызды естен шығармаңыз;
7.Сіз қазақ елі үшін де керексіз, себебі Тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы Сіздің қолыңызда болатынын ұмытпағайсыз;
8.XXI ғасыр – білектің күші, найзаның ұшымен емес, білім мен біліктің талант пен жүректіліктің бәсекелесетін заманы. Осы жолда бар күш-жігеріңізді аянбай жұмсаңыз;
9.Ата-анаңыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліңіз.  «Отбасы – бақыт мекені» емес пе? Жанұяңызбен сол бақытты бірге бөлісіңіз. Жат қылықтардан аулақ болыңыз;
10.Алдыңызға тек мақсат қойыңыз, оған жету үшін талаптаныңыз. «Талаптыға нұр жауар» деген халық даналығын ескеріңіз.
Жолдауымның соңында Абай атамыз айтқандай, осы сатылардан сүрінбей өтсеңіз, толық адам қасиетіне ие боласыз деп үміттенемін. Сіздің жағымсыз әрекеттермен айналысатын уақытыңыздың болмайтыны да айқын болар еді.Замандастарым менің жолдауыма құлақ түріп, көңіл бөлетініне сенемін.
Есірткіге жол жоқ!
Бар әлемді жайлап алған  нашақорлық жойылсын,
Алдымызға мақсат болып тек жақсылық қойылсын!– деп сөзімді аяқтаймын. Сіздермен ой бөліскен 7-сынып оқушысы  Еркеназ Балшынова.

Балшынова Еркеназ,
     Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Қармақшы ауданы
№272 орта мектептің
7 «А» сынып оқушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.