Home » Поэзия » Мен сенемін қазақтың жастарына …

Мен сенемін қазақтың жастарына …

Жан беріп жаратқан соң адам қылып,
Жалғанда жасамаңдар жаман  қылық.
Көлденең кездескенде кедергілер,
Тайсалмай танытыңдар табандылық.

Өмірдің қайғысы бар, қызығы бар,
Ғұмырдың қысқасы мен ұзыны бар.
Былыққа бойларыңды былғамаңдар,
Қызықты өмір сүруге қызығыңдар.

Есірткінің еркіне елікпеңдер,
Ұзақ өмір сүрмейді желіккендер.
Бабамыздың қазақы тәрбиесі
Таусылмайтын теберік теріп жеңдер.

Нашақорлық қасірет білесіңдер,
Бар адамзат бірігіп күресіңдер.
Жақсылар бар қарыштап алға озған,
Көштен қалмай соларға ілесіңдер.

Мен сенемін қазақтың жастарына,
Айтарым сол замандас достарыма.
Есірткіден аулақ ұста бойларыңды,
Жақсылар үйір болсын қастарыңа.

Мен өмірді қалаймын, сүргім келет,
Достарыммен ойнап-күліп жүргім келет.
Жастардан нашақорлық, есірткі емес,
Өнертапқыш жаңалық көргім келет.

  Балшынова Еркеназ,
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы,
Байқоңыр қаласы
№272 орта мектептің
7 «А» сынып оқушысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.