Home » Жаңалықтар » «Мен қазақпын» ұлттық мега-жобасына жолдама алған ақмолалықтар анықталды

«Мен қазақпын» ұлттық мега-жобасына жолдама алған ақмолалықтар анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Мен қазақпын» мегажобасының облыстық кортындысы туралы брифинг өтті.

Аталған брифингке облыстық«Көкше» телеарнасының директоры Ә.Татанов пен дәстүрлі әнші, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның әртісі С.Хасенов қатысты.

Еске салсақ, «Мен қазақпын» — «Қазақстан» Республикалық телерадио-корпорациясының ауқымды жобасында Ақмола облысынан 100-ге тарта үміткерлерлер бақ сынап, жүзден жүйрік 22 өнерпаз облыстық кезеңге қатысқан болатын. Олар 18 маусым күні Көкшетау қаласында Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрының төрінде өнер көрсетті.

Іріктеудің нәтижесінде үздік деп танылған 3 қатысушы Астана қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алып, облыстың намысын қорғайды. Олар:

  1. Дәстүрлі ән жанры бойынша – Асқар Мұқият;
  2. Күй жанры бойынша – Бауыржан Балташ;
  3. Терме жанры бойынша – Назира Бейсенова.

Атап өтсек, жобаға қатысушы өнерпаз әр өңірдің дәстүрлі халық әндері және халық композиторларының әндерінен екі шығарма жатқа орындайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.