Home » Айтарым бар » Мен шабыттандым..

Мен шабыттандым..

2017 жылдың маусым айының 8-і күні, Мұнайлы аудандық білім бөлімінің №8 Алтын сақа» балабақшасына Республикалық «Білім айнасы»  газетінің журналисті Қуаныш Тұрғанбай келіп «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тақырыбында  тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында айтылған маңызды мәселеге тоқталды. Қазіргі кезде педагогтар мақаланы қалай жазады?  Тақырыпты таңдағанда оқиға желісімен байланыс бар ма? Мақала дегеніміз не? – деген сұрақтарға тоқталып өтіп, көкейдегі сұрақтың шешімін табуға жол ашты. Тренинг барысында  уақыттың қалай өткенін байқамай қалыппыз. Тренинг өткізуші Қуаныш Тұрғанбай жас болса да көргені мол, көкірегі ояу жан екенін ұғындық. Казіргі кезде сөздің мағынасы жоғалып, арзан сөзге бет бұрылды. Осындай мәселені қалай шешеміз? Біздің бұл тақырыпқа қалам тартуымызға осы тренингтегі пікір алмасу түрткі болды. Шабытыма шабыт қосылды. В.А.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның қызықты және күрделі, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» — деген болатын. Әрбір педагог үздіксіз білімін жетілдіріп, көңілге серпіліс, жанға толғаныс, жүрекке бақыт пен сүйіспеншілік сыйлайтыны рас. Ал мұғалім өзі шабыттана отырып, шәкірт жүрегіне нұр сыйлап, одан әрі шабыттана түседі.
«Әрбір адам – қайталанбас, ерекше құбылыс» деп, Мишель Монтень айтқандай,  талантыңа тәнті болдық, талабыңа нұр жаусын! Сол таланттың ашылуына бағыт бағдар беріп, қолдап, шабыттандырар оқырмандарың көп болсын!

Түйешиева Таңсулу Санақбайқызы
МКҚК №8 «Алтын сақа» балабақшасы
Тәрбиеші
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.