Home » Балабақша » Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық

Мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен  ұштасып жатады.Адам асқақ арманға,биік мақсатқа ие.Әрбірінің өз мақсаты, арманы, бағыты, қиялы бағындырар белестері болады.Менің өз өмірімдегі бағытым-жүрек қалауыммен, жан дүниемнің түрткісімен психолог болуым. Мен-психологпын. Психолог-ол менің өзім таңдаған сүйікті мамандық.Мамандық таңдау әр адамның жүрегіндегі мазасыз ойлардың соңғы түйіні деп есептеймін.Алғашқы қадам мектепті жақсы жетістіктермен аяқтап,2010 жылы Алматы қаласы «Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің» «Педагогика және Психология» мамандығына оқуға қабылдандым.Бұл салада мені қызықтырғаны адамдардың қарым-қатынастары ,іс-әрекеттері, ізденістері осының барлығы адамның мінез-құлық көрсеткіші.Мен үшін психолог –ол үнемі ізденісте жүретін болуы  керек.Адамдарға үнемі көмектессем, оларға бір сәт болсада қуаныш сезімін сыйласам деймін.Әр адамның бір-біріне ұқсамайтын, қыр сыры бөлек мінез-құлықтары бар.Мен сол мінез-құлықтан туындаған қиын жағдаяттардан шығуға, адамның жан дүниесіне демеу болуға,және бағыт-бағдар беру үшін осы психология саласын таңдадым.Бұл мамандықты таңдаған жан  рухани-күш жігерлі болуы керек.Бұл кез-келген адамның қолынан келе бермейтін, рухани күш жігерді талап ететін,қиялы бай,талантты адамға тән қасиет.Мен әрқашан жеке адамды тыңдауға, оған рухани күш беруге дайынмын.Әрине адам ашуланғанда ақылы кетеді, әртүрлі күйзелістерге ұшырайды.Сол жағдайда психолог маманның жәрдемі орасан зор. Күйзеліске түскен адамға өз кеңесін беріп,көңілін көтеретін бірден –бір мамандық осы.

Психолог қандай болуы керек дейтін бірнеше сұрақтарға менің өзіндік жауабым.

Психолог-бірінші кезекте ақыл парасаттың иесі,ізденімпаз, ойшыл, жаңашыл, мейірімді нәзік жүректің иесі болуы керек.Нәзік жүректің иесі дегенім,балаға мейіріммен қараған көзіңнен, жылы жүзбен айтқан сөзіңнен шынайылықтың лебі есіп тұруы керек, әйтпесе бала жүрегін  жаулап алу еш мүмкін емес.Психолог-жәрдемші,психолог-көмекші.

Қазір мен балабақшада психолог болып жүріп,әрбір күн сайын бүлдіршіндер, ата-аналар, тәрбиешілерде кездесетін қиыншылықтармен бетпе-бет кездесіп, өз білімімді шыңдап іздену үстіндемін.

Мен балаларды ерекше жақсы көремін.Оларға айырықша күтіммен қараймын. Әр баланың орны, ерекше.Олардың күлкісінің  өзі үлкен бір-ғанибет.Мен балаларға жауапкершілікпен қараймын.Солармен жұмыс жасау арқылы күш-қайратты бола түсемін. Балалардың тәтті қылығы,риясыз күлкісі қуанышы әлемнің кереметінің бірі.Балалар менің жүрегімнің қуанышы.Сол үшін де мен осы мамандықы таңдадым.Мен мамандық таңдаудан жаңылысқан жоқпын.Мен таңдаған мамандықтың қыр-сыры осындай.

Мыхтыбек Сандуғаш Оралбайқызы,
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы
білім бөлімінің №10 «Әсел» бөбекжай
балабақшасы МКҚК психологы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.