Түрлі тауқыметті тартып, қиын жағдайды бастан кешіріп жатқан қаншама жандар бар?!
Әсіресе сәбиінің аурудан қиналғанын көрген ана жүрегінің мұңы….
Көмекке мұқтаж жанға кездессең жарқын бейнесі, өмірге деген құштарлығы жаныңа қуат береді…
Талпынысы талаптандырып бойыңа күш қуат, рух сыйлайды.
Өмірдің бергеніне шүкірлік ете алмай жүрген жаныңа тыныштық ұялайды.
Қарашаның соңғы жұмасында Нұр-Сұлтан қаласындағы №32 «Балдәурен» балабақшасында өткен дәстүрлі қайырымдылық шарасынан осыларды түйдім…
Жыл басында өткен отбасылық сайыста өнерімен де, өр мінезімен де бас жүлдені жеңіп алған осы білім ошағының тәрбиеленушісімен ата-анасына ұжымның қолдауын көргенде қайран қалған едім….
Өзіндік тарихы бар білім ошағын басқарып отырған Мейрамгүл Ықыласқызымен танысудың да сәті түсті.
Қазақтың от ауызды өткір ақын қызы Фариза Оңарсынованың шәкірті, мектепке дейінгі білім беру саласының маманына педагог жанын түсініп, ұжымын жеңісті жолға бастау қиын болмағандай…
«Жақсылық атаулының үлкен кішісі жоқ» дегендей талапшыл да жақсылыққа құмар басшыға ата-аналар да серік болған.
Кішкентай нәрсенің өзінен мейірім шуағы көрініп тұратынына дәлел берекелі ұжымның бір кісідей жақсылыққа ұмтылғаны.
Бұл -санамыз артып мұқтаж жандардың мұңын білетіндердің бұл тағы бір легі.
12 топ жұмыс жасайтын балабақшада 2 шағын орталық бар. Жалпы топтардың саны 32. Екі тілде білім беретін балабақшада 18 қазақ , 14 орыс тобы, оның ішінде 2 логопедиялық топ тіл мүкістігі бар балаларға көмек көрсетуде.
«Мейірімді жүрек» немесе «Жақсылық жасайық» деп аталатын жыл қайырымдылық шарасына биылғы жылы да барлық ата-ана атсалысқан. Кішкентай бүлдіршіндердің қолымен жасалған бұйымдар, оқу құралдары мен күнделікті қажетті заттар,балаларға арналған киімдерге дейін саудаланды.
Сағат төрттен кейін басталған шара есіктен кірген жерден сатушысыз «Адал дүкеннен» өз еркімен көрсетілген ақшасын тастап алып жатқан адал жандардан бастау алған…
Жұмыстан шаршап шығып баласын алуға келген ата-аналардың түйілген қабағын байқамадық, қайта барлығы да шараға өз үлесімізді қосып кетейік деген ниеттегі жандар…
Қараша айының 22 -29 жұлдызы аралығында ата-аналар балалармен бірге түрлі қайырымды істер жасап, оны арнайы бейнероликтерге түсіру арқылы, балалардың бойындағы қазіргі қоғамға қажетті бір-біріне көмек көрсету, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты, бала бойындағы жағымды қасиеттерді қалыптастыру барысында түрлі жұмыстар жүргізген.
Біз куә болған жәрмеңкеде аналардың өздері келіп сатып, саудаласып шараны қыздыра түскендері қуантты. Залға Ақтөбе қаласының кішкентай бүлдіршіні Утенова Кәусар суретімен емі жайлы жазылған ақпарат ілінген .
Жәрмеңке барысында балабақша әдіскерлері Дуйсенбенова С.Д., Жунусова Л.Б., монтессори педагогы- Сапаргужина Б.К, денешынықтыру нұсқаушылары Фурника М.В және Сатыбалдиева Т.Д., музыка жетекшілері Серверова А.В., Кабдекина А.Д., хореограф- Көбеева Н.С., психолог- Бекмагамбетова Б.Б., тәрбиешілер Шымберген Г.Е., Тилегенова Г.С., Мукатова Н.Ж., Тулегенова Ж.Б., Мирзахмедова Д.Д., Нурмаганбетова Н.С., Сапарова К., Тулепова Ж.Т., Заря П.А., Тян Т.К., Ларина А.П., Стасенко Е.А., Юсупова М.Р., Ибраева Адия, Стешенко Н.Н., Балтабаева А.М., Канапиянова А.Ж. және шағын-орталық тәрбиешілері Нуразханова И.К., Искакова Н.Р., Мырзабаева Л.Т., Досжанова Л.А., Еримбетова Р.А., Рахымжанова Ф.К., Иманбаева А.Ж., Нугманова Д.Р., Бигалинова С.С., Макаренко В.В. , ағылшын тілі мұғалімдері Оспанова Қ.Б., Тұрғынбекова Г.А., қазақ тілі мұғалімі –Кобеева А.Г., дене шынықтыру нұсқаушылары – Асанова Л.Х., Махан Қ., мейірбике – Нуразханова Б.К, музыка жетекшілері –Казмагамбетова К.Ж., Жургенов Е.Т. белсенді атсалысты.
Әрбір топтағы ата-аналар комитетінің құрамы үлкен жауапкершілікпен қарағаны көрініп тұрды.
«COFFEE BOOM» бұрышы жұмыс жасап, балабақшаның аспазшылары Шәйзада Шадырқызы және Айгерім Құдайбергенқызы әріптестерімен бірлесіп өздері түрлі тәттілер пісіріп, сусындар, пайдалы ас өнімдер дайындаған. Үстінен піріп беріп тұрған тәттіні кезегін күтіп алып тұрған ата-аналар, балаларда мәз. Жұмыстан кейінгі уақытта қайырымдылық шарасына үлесін қосып тұрған аспазшылардың қайырымды ісіне қалай таңданбасқа. Жақсылықпен айналысу көңілге медет, жақсылармен бірге болу қуаныш екені осы болса керек.
Қайырымдылық акциясынан түскен 312 280 теңге «Добровольное общество Милосердие» қайырымдылық қорының тізіміндегі бүлдіршін Утенова Кәусардың еміне жіберілсе, шағын орталықтан жиналған 170104 теңге балалар хоспиталына жіберілген.
Аз мезетке болсада осындай игі шараны көріп сүйсініп қайттық. Пенде болған соң жүректі мейірімге толтырғанға не жетсін! Педагогпен ата-ана арасындағы сыйластықпен бірлескен шара нағыз тәрбиенің үлгісі.
«Балдәреннің» ұжымына өмір үшін күрескен бүлдіршінге үміт сыйлағандары үшін тек алғысымызды ғана білдіреміз. Ата-аналардың өз қолдарымен жазған «Алғыс кітабы» төрден түспей тек биіктен көріне беріңіздер!
Әлия Ғалымбекқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы.