Home » Балабақша » Мен болашақ Отан – қорғаушымын. №181 бөбекжай балабақшасы

Мен болашақ Отан – қорғаушымын. №181 бөбекжай балабақшасы

 Ақпан айында  Ауған  соғысының аякталғанына 30-жыл. Осы мереке  Республика қала көлемінде атап  өтілді.  Жарияланбаған соғыс   қаншама отбасына  қайға — қасірет  әкелді.   Осы соғысқа біздің Республикамыздан қаншама жау-жүрек азаматтары қатысты.  Ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін косты.  Осы мерекеге орай  «№181 бөбекжай-балабақшасында»   Ауған соғыс ардагерлерінің  қатысуымен « Мен болашақ Отан –қорғаушымын» атты іс –шара ұйымдастырылды.     Балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында   мерекеге ауған соғысының ардагерлері қатысып, өз өмір жолдарын айтып берді. Ауған соғысына қатысып қаншама әскери тапсырмалар орындағандарын айттып берді.  Қаншама біздің отандастар ауған соғысында қаза тапты осы кісілерді бір минут үнсіздікпен еске алдық  және балардың суреттерінен көрме ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шарада    ересек «Көгершін» тобының балалары тақпақтар оқып, ән салып, би билеп өз өнерлерін паш етті, ардагерлер  мерекені  тамашалап балаларға  ризашылықтарын білдірді.

 

 

Алматы қаласы.
Алмалы Ауданына қарасты  «№181 бөбекжай балабақшасы»
Тәрбиешісі; Берикова  Ж.К
Дайындаған: Әдіскер Оспанова Гульнар Сагидолдақызы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.