Home » Білім және тұлға » Заман талабына сай педагогтің қызметі

Заман талабына сай педагогтің қызметі

«Өмір бойы білім алу әрбір Қазақстандықтардың кредосына айналуы тиіс»  (Н.Ә.Назарбаев) дей келе, жас ерекшеліктеріне қарамай әрбір педагог  жаңартылған бағдарламаға сәйкес білім, білік дағдыларын көтере отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім, дұрыс бағыт-бағдар  беріп, сол білімді оқушылар өмірде қажетті жерде тиімді пайданса бұл біздің жетістігіміз. Бүгінгі күні педагогтің негізгі қызметтері мынадай: ұйымдастырушы; басқарушы; бағыт бағдар беруші; қолпаштаушы. Осы төрт қызметті сабақ барысында  өз деңгейінде жүргізсе сабақ мақсатына жетері сөзсіз. Жаңартылған оқу  бағдарламасында 5-7 сыныптарға педагогикалық тәсілдер мен критериалды бағалауды байланыстыра қысқа мерзімді жоспар құруды меңгердім. Оқу мақсатына сай  әдіс, тапсырма, дағдыны байланыстырып сабақ мақсаттарын құруды және бағалау критерийі арқылы дескрипторды пайдалануды анықтадым. Сонымен қатар интербелсенді әдістер арқылы сабақ мақсатына жету үшін тиімді әдістерді пайдаланамын.Сапалы оқытудың маңызды факторы оқушы тақырыпты өз бетінше түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осылайша оқушы өзінің оқуы үшін жауапты болады, мұндай ортаны қалыптастырушы әрине мұғалім. Яғни мұғалім интербелсенді әдістерді оқу үдерісінде тиімді пайлануы қажет.Интербелсенді  оқыту дегеніміз — өзара қарым-қатынасқа негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/үйрету. Сабақ  дәріс тыңдау емес, ортақ жұмыс. Бұл форматтар бойынша оқушы еркіндік,өз ойын айта білу, ой пікірді талдай алу, сыни және креативті ойлайды, проблеманы шешуге машықтанады, бір-бірін тыңдау арқылы ақпарат білім алады. Ал мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырды, оқу материалын  табысты меңгертуге мүмкіндік береді. Саралау әдістері мұғалім мен оқушы үшін өте маңызды әрі тиімді.Саралауда әдіс арқылы, үш деңгейде тапсырма беру арқылы сабақ мақсаттарына жетеді. Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен оқушы арасындағы бағалау құралы яғни интербелсенді бағалау. Сабақтың 90% мақтау,мадақтаудан тұрады. Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушыларды ынталандырып жеткізу. Жиынтық бағалауды өз деңгейінде жүргізу.Бұл курста мен үшін жаңа ақпарат, басты мақсат «Мәңгілік Ел» бағдарламасындағы жеті құндылықты тақырыпқа сай әр сабақта бала бойына сіңіріп отыру және  бағалаудың түрлі нысандарын тиімді пайдалану.

 

 

Серикова Лайла Калдыбаевна,
Шымкент қаласы
№28 жалпы орта білім беретін мектебі
Химия және биология пән мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.