Home » Ашық сабақтар » «Мен болашаққа сенемін»

«Мен болашаққа сенемін»

( кәсіптік бағдар беруде оқушылардың сенімділіктерін арттыруға арналған тренинг)

Павлодар қаласы  № 25ЖОББМ  педагог-психологы Ордабаева Ж.Б

 

Мектеп бітірушілердің болашақ мамандыққа қатысты психологиялық дайындықтары мен кәсіби өзіндік анықталу механизмдеріне өзіндік бағалаулары әсер ете ме? Осы сұрақтар әрқашан да өз маңыздылығын жоймайды. Жоғарғы сынып оқушыларының мамандықты таңдауға саналы қатынастарын қалыптастыруда олардың кәсіби қызығулары мен ниеттерінің құрылуы мен дамуы негіз болады. Жоғарғы сынып оқушыларында еңбекке деген шығармашылық қатынасты орнату, оларға дұрыс психологиялық бағдар беру оқушылардың индивидуалды — психологиялық жеке бастық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Мақсаты:

Өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білу дағдыларын қалыптастыра отырып, өз күштеріне  сенімділіктерін арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар:  интерактивті тақта,түрлі -түсті қағаздар, мамандықтар жазылған карточкалар: қызыл,жасыл,сары; ватман,қалам, скотч, сынып немесе басқа дәрісхана, орындықтар

Түрі: тренинг

Уақыты 40 минут.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.  Топқа бөлу.

«Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады»

Леонардо да Винчи.

Миға шабуыл: 

  • Кез келген адам арманы мен мақсатына жете ала ма? Неліктен ?
  • Қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыздар?

Жоспар

І.  «Белгі».

Бүгін біз сіздермен мамандық әлеміне саяхат жасаймыз. Ол үшін, бір механизмді қолданамыз. Жайғасып отырыңыздар, қолдарыңызды тізелеріңізге қойыңыздар. Дайынсыздар ма? Әрқайсыларыңыз іштеріңізден,

өздеріңізге бір тілек айтыңыздар да, оңнан солға қарай қолдарыңмен иықтарыңа белгі бересіңдер.

— Енді біз мамандық әлеміндеміз, алдарыңызда жатқан әдемі гүлдердің біреуін таңдап, соған аттарыңды жазып тағып алыңдар. Бүгін мамандыққа жол табуға сендердің жетекшілерің  боламын. Енді бізге мамандықтың кілтін табу керек. Бірақ, ол үшін  өз есімдеріңіз бен бойыңдағы қабілеттеріңді айтып, шығуларың керек. Қабілетті тек қана оқуға, білімге ғана деп қарастырмау керек. Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижесі болып орындалуында. Қандай да болмасын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін, яғни қабілетсіз адам болмайды. Өте жақсы.

-Ал, енді сендер өз қабілеттеріңді айтып шығыңдар. Енді мамандыққа есік ашуға кілттеріміз жеткілікті. Өмірде мамандықтардың сан алуан түрі бар. Бірақ олардың кейбіреулері пайда болып жатса, кейбіреулері ескіріп жатады (мысал келтіріңдер; қазіргі заманға сай мамандықтарды атаңдар).

ІІ. «Қазіргі заманға сай кәсіптер туралы не білеміз ?

( Оқушылар анықтамалырын компьютерден іздейді, тауып, мәліметтерін береді.

Жаңа мамандықтар пайда болып, бұрыннан бар кәсіптер соңғы сипатпен ақпаратпен байып, толығып, компьютердің енуі арқылы жоғары

тиімділгі жаңа атауларға ие болуда.  Қазіргі уақыт талабына байланысты жаңа мамандықтар пайда болды. Осыған орай жаңадан пайда болған мамандықтар мен бұрынғы мамандықтарға тоқталып өтейік.

III. Мамандықты 5 типке бөледі.

Қазір біз соларды қарастырамыз.

Олар: «Адам – Табиғат», «Адам – Техника», «Адам – Адам», «Адам – белгілеу жүйесі», «Адам – көркем бейне». (әрқайсысына жеке жеке тоқталу)

Тапсырма: Мен қазір мамандықты айтамын, сендер қай типке жататынын айтасыздар. (кинолог (А-Табиғат), ұшқыш (А-Т), эколог (А-Табиғат), шаштараз (А-А), дизайн (А-к.б.), нотариус (А-б.ж.), режиссер (А-А).  Жауап бергенде қандай қиыншылықтар болды?

ІV. Мамандықты анықтауға арналған тест. (сайттан алу)

V.Енді кезек ойынға келді, орталарыңнан бөлініп-бөлініп, (им-ишара және қимыл) арқылы бір мамандықты көрсету керек. Оқушылар оның қай мамандық екенін тауып айту керек. ( 3-5 оқушы шығады)

Қортындылау. Рефлексия. Жаднама тарату.

Жаттығу «Тепе-теңдік». (жайлы музыка қойылады)

Мақсаты:  қатысушыларды оңтайлы деңгейге шығару, ішкі тепе-теңдікті орнату.

Нұсқау:

«Қазір қолайлы отырыңдар да, өзіңізден бүкіл қажуды және теріс ойларды тастаңыз. Көздеріңізді жауып, үш рет терең тыныс алыңыз…

Денедегі күш ақырын, бірте-бірте кетеді, сіз босаңсу қалпына жетесіз. Сіздің денеңіз демалуда.

Көзіңізді жабыңыз… Тек қана мені тыңдаңыз. Бүкіл зейінді менің дауысыма аударыңыз. Терең 3 рет тыныс алыңыз және тыныс шығарыңыз. Мұрнымен тыныс алып, ауызымен тыныс шығарыңыздар. Сіз тек қана менің дауысымды естіп отырсыз. Барлық ойлар кетіп отыр…

Енді өзіңізді табиғат аясының бір бұрышында жүргендей елестетіңіздер. Таза ауа, жылы желдің лебін, құстардың ән салғандығын сезініңіздер…

Көкжиекте күннің сәулесі сізді өз жылулығымен қыздырып жатыр. Ол сізге: «Сәлем! Сен өте кереметсің! Мен саған өзімнің жылулығымды беріп, сені күш қуатқа толтырамын!».

Күннің көзінің сәулесі мен жылулығын сезініңіздер. Сізге қажетті күш қуаты ол сіздің бойыңызға таратып жатқанын елестетіңіз.

Сіздің денеңіз жылулыққа, қуанышқа, сенімділікке, күш қуатқа толы! Осындай ерекше, керемет сәтті тамашалаңыздар.

Табиғатпен қайтадан қауышыңыздар да, одан сізге қажетті барлық күш қуатты алыңыздар!

Осы сезімді, түйсінуді есте сақтап өз іштеріңізде қалдырыңыздар!

Терең тыныс алып оны сыртқа шығарыңыз. Тыныс алу арқылы сізге сенімділік, қуаныш, күш-жігер, қолдау кіріп жатады, ал сыртқа шығару барысында сіз алған осы сезімдегі барлық дене мүшеңізге таратылып, бекітіледі.

Ал енді көздеріңізді ашыңыздар».

Рефлексия.

Өзіңіз туралы не біле алдыңыз? Не сезіндіңіз? Бүгінгі тренингтен  өздеріңізге не алдыңыздар? Өмірде айтқанды іс жүзінде пайдалана аласыздар ма?

Істі игі ниетпен сәтті бастау жетістікке жартылай қол жеткенмен тең. Әркез қалайда оң нәтиже алатыңа сен. Бұл сенім сені жетістікке жетелейді. Істелген ісің кіші гірім болғанымен , істелмеген үлкен істерден жақсы. Бос әурешілікпен болмайтын істерді болдырамын дегенше, болатын істерді істе. Әлі бастамаған іс сен үшін қараңғы жол. Одан сескеніп артқа тартсаң, ісің бастаусыз қалады. Ал шырақ болып болып жаңа алсаң, жолың айдай  ашылады. Қараңғыда шырақ жарықта шуақ болғайсың» деген Н.Шәкузадаұлы айтқандай  биік белестерді бағындыру, асуларды алу сіздердің қолдарыңыздан келетініне сенемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.