Home » Мақалалар » МЕН БАҚЫТТЫ ОҚУШЫМЫН!

МЕН БАҚЫТТЫ ОҚУШЫМЫН!

 

Мен оқушымын,
Сабақты беске оқитын.
Мен оқушымын,
Білімнің торын тоқитын.
Түрлі әнге салатын,
Үнемі алда жүретін,
Ақылға құлақ түретін.

 

 

Мен биылғы жылы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 5 «гуманитарлық» сыныбының оқушысы атандым. Мен өзімді бақытты оқушымын, деп білемін. Бақытты деу себебім, мені қоршаған орта, яғни сыныптастарым, мұғалімдерім дарынды, шебер адамдар. Барлық оқушы бірінші, барлық оқушы дарынды. Мұғалімдеріміз бізді алғаш күннен бастап баурап алды. Білімге деген құлшынысты демеп, әдептілікке баулып, әр күнімізге мақсатпен, жоспармен қарауды үйретуде. Біздің мектептегі әр күніміз бір-біріне ұқсамайды, бір күн бір күннен ерекше!

Сабақтар шығармашылыққа, жаңалыққа толы. Сынып жетекшіміз Аниарова Марал Оралбекқызынаға алғысымыз шексіз. Аз уақыт ішінде ашық-жарқын мінезімен сыныбымызды үлкен отбасына айналдырды. Мектепте түрлі интелектуалдық олимпиадаларға қатысып, ғылыми жобалар жасап өзімізді сынаудамыз. «Жас дарын» мектебінің табалдырығын аттауға негіз салған, алғаш қолға қалам ұстатып, әріп үйреткен ұстазым Асел Зекенқызы Нығманованы үлгі тұтамын. Бұл екі мектептің сабақтастығы, жетістігі, нәтижесі –  бақытты оқушылардың болуы.

 

Дария ГАРИФУЛЛИНА,
«Жас дарын» мектебінің
5 «Г» сынып оқушысы.
Павлодар қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.