Облыстық педагогикалық «Біздің айналамыздағы математика» жобасын жүзеге асыру мақсатында 29.11.2017ж күні Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен «МЕНІҢ ӨМІРІМДЕГІ МАТЕМАТИКА» 3-4 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы өтті.
Конкурстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық ізденіс және жобалық жұмыстарға баулу, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, мотивациялық, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, математикадан шығармашылық жұмыстарға тарту.
Жобаға қала мектептерінің оқушылары қатысты.
Қазақ тілінде 68 жұмыс, орыс тілінде 30 жұмыс тапсырылып, 48 жұмыс қалалық ІІІ (қорытынды) кезеңге өтті. Іріктеу кезеңін қалалық білім бөлімінің негізінде құрылған комиссия мүшелері қарастырды.
Жұмыстар төмендегідей бағыттар бойынша қорғалды.
- «Математик ғалымдардың еңбектері»
- «Сандар сөйлейді»
- «Өміріміздегі математика»
Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, ойлап тапқыштық негізде болды. Жұмыс қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды. Оқушылар жұмыстарын қосымша презентация, баннер, стенд, суреттер, фото, диаграммалар қолданып, жұмыстарын жоғары дәрежеде қорғады. Қорғау нәтижесін қалалық білім бөлімінің негізінде құрылған комиссия мүшелері шығарды. Жоғары дәреже көрсеткен оқушылар марапатқа ие болды. Жеңіске жеткен оқушылар облыстық конкурсқа жолдама алды.
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісінің қалыптасуы мен математикалық сауаттылықты дамыту, оны өмірде қолдана білуді, ойын дұрыс дәлелдей білуі осындай шығармашылық ізденістерден көруге болатынын байқауға болады. Оқушылар кішкентай болса да болашақ ғалым бола алатынын дәлелдеді. Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын – бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушыларынан үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді.
Осы конкурста «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан мектебіміздің 4 «Ә» сынып оқушысы Мұрат Айзере «Қазақтың ұлттық өлшем бірліктерінің маңызы» атты тақырыппен, жетекшісі: Какимова Жібек Мұратовна, ІІІ Дәрежелі Дипломмен; 3 «Б» сынып оқушылары Темірханова Айсұлу, Қабдолла Мади «Рим цифрлары» атты тақырыппен, жетекшісі: Бейсенбаева Алтынай Капышовна, ІІІ Дәрежелі Дипломмен; 4 «В» сыныбының оқушысы Бүркітсетер Ақтоты «Математика ғалымдарының еңбектері» атты тақырыппен, жетекшісі: Жүнісбекова Назгүл Бейбитовна, ІІ Дәрежелі Дипломмен; 3 «В» сынып оқушысы Берікханова Аянат Мақсатқызы «Айналадағы геометрия» атты тақырыппен, жетекшісі: Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы, І Дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, болашақта шығармашылық табыс тілейміз!
Ә. Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ-тің директоры Жалелов Абылай Армияұлы, мектептің оқу ісінің меңгерушілірі: А.М. Жылқайдарова А.М, Ж.Ж. Ракишова бастауыш сынып мұғалімдері мен жеңімпаз оқушылармен бірге.
Қарағанды қаласының білім бөлімінің әдіскері Оспанова Г.Х Ә.Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ-тің бастауыш сынып мұғалімдері Какимова Ж.М, Ахмет Г.Т , Жүнісбекова Н.Б жеңімпаз оқушыларымен бірге.
Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76
жалпы білім беретін орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі,
Қарағанды қаласы