Home » Ашық сабақтар » Менің танымдық әлемім

Менің танымдық әлемім

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамыту.
Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру. Іс – әрекет барысында өз ойын жүйелі, дұрыс жеткізе білуге баулы. Ойын арқылы ойлау тәсілдері, заттарды салыстыра білу қабілеттерін арттыру.
Қолданылған құрал – жабдықтар: сурет қиындылары, қыс мезгілінің суреттері
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі сабаққа психологиялық дайындық
Балалар шаттық шеңберіне жиналып, жылы шыраймен сәлемдесіп, мына өлең жолдарын бәрі бірге айтады.
Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы!

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

-Жарайсыңдар.Балалар олай болса мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Қыс мезгілі)
— Қазір жылдың қай мезгілі болып тұр?
— Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінде  ауа рай қандай болады?
— қар жауып, күн суытады,адамдар қалың киінеді, өзен-көлдерге мұз қатады, құстар ұшып кетеді т. б.

Осы кезде «хат келді» деген дауыс шығады. Хатты тәрбиеші-психолог ашып оқиды.
— Балалар бізге хат келген секілді. Сендер хаттың кімнен келгенін, онда не туралы жазылғанын білгілерің келе ме?
— Иә.
— Ендеше назар аударайық!
Құрметті:
«Тау-Асар» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері!
Мен сендердің сүйікті «Маша мен Аю» мультфильмдеріндегі Аюмын. Сендерге Маша екеуміздің басымыздан өткен оқиғаларымызды бейнетаспа арқылы жолдап отырмын. Мен сендерді тәртіпті, әдепті және өте зерек балалар деп естіп Машаны жіберіп отырмын. Сол себепті сендерден Машаға үлгі болып, қателіктерін түзеп, тапсырмаларды дұрыс орындауға көмектесулеріңізді сұраймын. Сендерге үлкен үміт артып, көмектесер деген ойдамын.
Сәлемнен: достарың Аю.
Балалар, Аю бізге Машаны жіберіпті. Міне Машаның өзі де келді. Кел Маша қош келдің. Балалар Машамен амандасып алайық. Ендеше балалар Машамен бірге Аюдың  тапсырмаларына назар аударайық.
Осы жерде видео арқылы «Маша мен Аю» мультфилімінің үзінді көрсетіледі.
Бейне таспа көрінісін талдау:
Психолог:
Балалар Аю Машаны кешіру үшін оған тапсырма берген екен.
— Балалар, аюдың тапсырмасына назар аударайық?
І тапсырма. Жаттығу. «Есте сақта»
— Мақсаты: көріп есте сақтау (қысқа мерзімдік) қабілеттерін арттыру, зейінін дамыту.
— Аю: Балалар Маша осы күні өте қатты ұмытшақ болып кетіпті. Машаға көрген заттарын есінде сақтауға көмектесіңдерші.
Тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Балалар суреттерді атайды. Кейін суреттер жасырылып, балалар естеріңе сақтаған суреттерін қайта жаңғыртады.
ІІ тапсырма Ойын-психогимнастика.«Кім қалай жүреді?»

Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал орнату, белсенділіктерін арттыру.

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көл екем.

Қоян қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көл екем.

Аю қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көл екем.

Түлкі қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

ІІІ тапсырма: «Менің достарым»
Мақсаты: шығармашылық қиялдарын шыңдау Көрнекі әрекеттік ойлауын арттыру. Ұжымдық еңбекке баулу.
— Балалар тентек Маша менің достарымның суреттерін де жыртып тастапты. Сендер оны Машаға құрастыруға көмектесесіңдер ме?
— Иә.
Психолог: Ендеше тақтаға назар аударайық. Тақтадан Аюдың достарының тұтас суреттері көрсетіледі. Балалар қиындыларды үстел үстінде құрастырады.
ІҮ тапсырма.
— Балалар сендер шаршаған боларсыңдар барлығымыз демалып, психологиялық жаттығу жасап алайық.
Психологиялық жаттығу: «Ғажайып орманға саяхат»
Балалар, мен 1, 2, 3 дегенде Машамен бірге ертегі әлеміндегі ғажайып орманға саяхатқа барамыз. Барлығы шеңбер бойымен жүреді. (Барлығы қимыл қозғалыс арқылы көрсетіледі.) Күн қандай керемет. Шайдай ашық. Жолда ойдым – ойдым жерлермен, көпірден өтеміз, Абайлаймыз, мұқият. шалшық сулардан секіреміз, аяғымызға жабысқан балшықтарымызды сілкейміз. кедергілерден өтеміз., Балалар қандай керемет гүлдер… гүлдер тереміз. Енді барлығы 1, 2, 3 дегенде терең тыныс алып, балабақшаға оралады.
Олай болса балалар аюдың келесі тапсырмасын тыңдайық.
«Секіргіштер» ойыны

Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтеру, шапшаңдыққа баулу.

Шарты: Ортаға 2 бала шығады. Екі балаға ішіне тиын салынған, үрленген шарлар беріледі. Балалар шар үстіне отырып, бір-бірімен жарысу арқылы шарды жарады. Жарылған шарлардан шыққан тиындарды ыдысқа жинайды.
Қорытынды:
— Енді балалар біз сабағымызды қорытындылай келе, ортаға шығып мына жердегі смаиликтердің өздеріне ұнағаның таңдап алыңдар. Сол смаиликтерді ұстап тұрып бүгінгі тренинг сабағы ұнады ма, Машамен бірге қандай тапсырмалар орындағанымызды, нені үйренгенімізді айтайықшы.?
Балалар жауап береді және Маша нені үйренгенің айтып балалармен қоштасады. Сау болыңыз айтып Машаны шығарып салу.
Балалардың назарын тақтаға аудару.
Маша Аюға:- Мен балалардан көп нәрсені үйрендім. Жіберген қателіктерімді енді қайталамаймын. Балалар секілді мен де зерек боламын.
Аю: — Ендеше мен барып балаларға алғысымды білдірейін Маша – деп Аю балаларға келіп Алғыс хаттар мен өзінің сыйлығын тарту етеді.

 

 

Құлтасова Айнұр Битасқызы,
Түркістан обылысы, Бәйдібек ауданы,
Шаян ауылы, «Тау-Асар» бөбекжай —
балабақшасының педагог-психологы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.