Home » Эссе » Менің сүйікті – Мектебім!

Менің сүйікті – Мектебім!

Мектеп… Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Осы бір сөзден біздің бүкіл өміріміздің алғашқы баспалдақтары басталады. Кімге де болса он бір жыл білім берген, адалдыққа, кішіпейілдікке, мәдениетке үйреткен, болашаққа жолдама беретін алтын ұя мектебі қымбат. Біздер үшін өміріміздің алғашқы қадамы басталған жер әр кез кімге болса да ыстық. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады.

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт деп ойлаймын. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме, осы кемеде 11 жылды әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығамыз.

Мен Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейінің 2 «Б» cынып оқушысымын, оқу озатымын. Біздің мектеп-лицей үш қабатты, әсем ғимарат. Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, салтанат залы бар. Мен мектебімді ұнатамын, себебі математика бағытында тереңдетіліп оқытылады. Сырт келбеті де өте әдемі. Әр сабағымда тыныш отырып, мұғалімнің айтқанын орындаймын.

Міне, аз уақыттан соң оқу жылын аяқтаймыз. Жазда мектепте жанындағы жазғы демалыста, достарыммен бірге лагерге боламын. Жазғы лагерь өте қызықты болады. Мен мектебімді мақтан тұтамын.

Капан Камила

2 «Б» сынып оқушысы

Астана қаласы, №84 мектеп-лицейі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.