Home » Мақалалар » Менің Отаным – Қазақстан

Менің Отаным – Қазақстан

Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді.

Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Дүниежүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәуелсіз Республика деп таныды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін туымыз, халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.

Келешек ұрпақ өз елін, өз тілін, өз дінін құрметтеуі тиіс. Ол үшін біз балаларымызды туған Отанын қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелеуіміз қажет. Сол мақсатта Тәуелсіздік мерекесіне орай балабақшада «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сабақ өткізілді.

Балалар, біздің Отанымыз — Қазақстан. Қазақстан аталуы себебі: жерлікті халық-қазақ. Біздің еліміз — көпұлтты ел. Қазақстанда тұратын басқа да көптеген ұлт өкілдері Қазақстанды өзінің Отаны деп санайды. «Отан — біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміздің табиғаты, ауылымыз, қаламыз, — деп өз ойларын айтты.

Сабақта балалар картадан әр елдің қандай жерді алып жатқанын көріп, Қазақстан жерінің де үлкен аумақты алып тұрғанын байқайды. Балалар туған қаланың, ауылдың көрікті жерлерінің суретін салды. Салған суретінің мазмұны бойынша не салғанын әңгімелеп айтып берді.

Біз өсіп келе жатқан ұрпақтың өз елінің жас патриоты болатынына сенеміз.

Мусаева Гулжанат Дөнесбайқызы,
ҚМҚК №29 «Балдәурен» балабақшасы
«Алақай, балақай» ересек тобы
2 санаттағы тәрбиеші,
Қарағанды облысы,
Сатбаев қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.