Home » Эссе » Менің жаңартылған білім беру мазмұны курстағы оқуымнан кейінгі түйген ойым

Менің жаңартылған білім беру мазмұны курстағы оқуымнан кейінгі түйген ойым

«Әлемнің өзгеруін қаласаң,
сол өзгерудің алғашқысы өзің бол»
Махатма Ганди

ХХІ ғасыр білім және ғылым ғасыры. Бұл ғасырды әлемдік заманауи стандарттарға сай өркендейтін кезең деп білеміз. Ұлы көшбасшы Н.Ә.Назарбаев «Ұлттық бәсекелестік қабілеттілігі – ең алдымен оның білімділігімен өлшенеді», — деп атап көрсете отырып, елімізде білім беру ісіне ерекше назар аударады. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына қойылып отырған талап күшті.Ұстаз ең алдымен білімді ақпараттық құралдарды жетік меңгеріп, үнемі өзі үшін ізденуі қажет. Адам баласы шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиет болуы қажет: жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы, және сезім қажет. Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ,бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра аламыз.

Әлемнің   өзгеруін  қаласаң, сол  өзгерудің алғашқысы  өзің бол» деген ой тастаған   Махатма Гандидың пікірі маған ой салды. Осы жаңартылған білім беру мазмұны курсына оқуға келгеннен  бері менің өзімде өзгерістер  бола бастады. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу — оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Жаңа форматты оқытудың тиімділігі тұлғаның интеллектуалдық, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруына көмектеседі.Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсынан түйгенім, мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім арту, талап ету арқылы жауапкершілікпен жетілдіру. Пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес  педагогикалық  тәсілдер мен оқу  материалын қолданып,  сабақта оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендім.  Критерий мен дескрипторларды, кері байланыс пен рефлексияны  ажырата білемін. Жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп,тиімді қолдана білуі керек. Сабақтың тиімділігін арттырудың бірден бір жолы — сабақ барысында түрлі ойындар, қызықты материалдар, логикалық тапсырмалар, роликтерді қолдану. Оқу, айту,тыңдау, жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі — кез келген стратегияға құнды, әрі бағалы. «Сұрақ қою», «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Ой шақыру», «Пікірталас», «Автор орындығы», «Ыстық орындық», «Білемін, Білдім, Білгім келеді», «Топтастыру», «Сюжеттік карта» т.б. стратегияларын тиімді қолдану оқушылардың оқуға деген қызығушылығын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз.

Менің білім беруге деген көзқарасым өзгерді, сабақты жоспарлау, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу, бағалау, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыра білуді үйрендім. Қазіргі таңдағы мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін анық түсіндім. Курс барысында алған білімімді оқушылардың білімін жетілдіруге қолданамын деп ойлаймын.

 

Юсупова Жансулу Жанабергеновна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
жалпы білім беретін № 3 орта мектебі
Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.