Home » Ашық сабақтар » Менің жанұям. Әпкемнің әдемі көйлегі

Менің жанұям. Әпкемнің әдемі көйлегі

Тобы: II кіші топ

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Кіріктірілген оқу қызметі: Жартылыстану, сурет салу

Мақсаты: Жанұя мүшелерін дұрыс айта білуге, әңгіме құрап үйрету. Тілде сын есімдерді (мейірім, тату) етістіктерді қамқорлық жасау, жұмыс істейді, көмектеседі) дұрыс қолдана білуді үйрету. Үлкенді сыйлауға, кішіні қамқорлауға үйрету. Көйлек үлгісін әшекейлеуге, саусақ пен мөртаңбалар мен, қылқаламмен сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

  1. Тосын сәт: «Қуыршақ Айсананың келуі»
  2. Әңгімелесу: АКТ «Менің отбасым»
  3. «Менің жанұям» саусақ жаттығу (Бейнеролик)
  4. Отбасылық альбом тамашалау
  5. Дәстүрден тыс графикалық сурет салу әдістері: Сия тамшысы графикасы

«Әпкемнің әдемі көйлегі»

  1. Мақал-мәтелдер.
  2. Д/ ойын: «Кімге не қажет?»
  3. Тәрбиеші оқу қызметіне қатынасқан балаларды мадақтайды. Тәрбиеші балалардың жұмысын бір-біріне бағалатуды ұсынады.
  4. Қорытынды

 

Көрнекілігі: Демонстрациялық материал, фоторолик, балалардың отбасылық суреттері, әр балаға ойынға қажетті үлестірмелі материал, қылқалам, субояқ, дымқыл сүрткіш, мақта оралған таяқшалар.

Алдын-ала жұмыс: «Көшедегі үйлерді бақылау»

Жүру барысы:

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? — Күз айларын атайық. — Қазір қай ай? — Аптаның қай күні?

— Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге Қуыршақ Айсана қонаққа келді. Ол өзімен бірге отбасының суретін ала келіпті. Ол өзінің отбасы туралы әңгімелеп берулеріңді өтініп отыр.

— Айсанаға көмектесеміз бе?

— Бұл суретті қалай атаймыз? Неліктен?

— Ал, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

— Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер Айсананың отбасында кімдер бар екенін табасыңдар.

— Ол – өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.

 

— Бұл кім?

— Балалар, Айсананың әжесі не істеп жатыр?

— Ал сендердің әжелерің не істей алады?

— Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі.

— Ол бізге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.

— Кім бұл?

— Айсананың атасы не істеп жатыр?

— Ал сендердің аталарың қандай?

Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам…

— Бұл жұмбақ кім туралы?

— Айсананың анасы не істеп жатыр?

— Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар?

— Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

— Және соңғы жұмбақ… Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді, сендерді қыдыртады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады, балабақшаға сендерді әкеледі.

— Бұл кім?

— Айсананың әкесі не істеп жатыр?

— Дұрыс. Ал әке не істей алады?

— Ағаш жарады, мал шаруалайды, футбол ойнайды, т.б.

— Ал сендердің әкелерің қандай?

— Балалар, ал сендер білесіңдер ме, жақын адамдарды қалай атайды?

— Оларды туысқандар немесе туыстар деп атайды.

— Айсананың отбасы қандай екен? Тату-тәтті. Отбасындағы әр адам өз ісімен айналысып жатыр.

Сөздік жұмыс: отбасы, тату, мейірім

«Менің жанұям» саусақ жаттығу (Бейнеролик)

(балалар саусақтарын бүге отырып орындайды)  Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.  Бас бармағым – әкем,

Балаң үйрек – апам,

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек – мен,

Титтей бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз!

— Балалар, мен сендерге отбасыларың мен түскен фотоларыңды алып келіңдер деген болатынмын. Ендеше отбасыларына кезек берейік.

Отбасы сөйлейді. Нұрайым, Ұлан; Нұртас, Айым өздерінің отбасылары туралы әңгімелейді. Сендердің, сонымен бірге, қамқоршы аға, әпкелерің бар?

— Айсананың әпкесі не істеп жатыр?

— Сол Айсананың әпкесіне арнап әдемі көйлектің суретін саламыз. Ол үшін топтағы қыздарымыздың көйлектері қандай екенін, олардың түстерін, өрнектерін, ұзын-қысқалығын, әдеміліктерін әңгімелейік.

Салу жолдарын түсіндіру, көрсету.

— Балалар, әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін мөртаңбаны, қылқаламды, сұқ саусақтарыңды пайдалануға болады. Қылқаламның ұшымен бояуды тамызып, мақта оралған таяқшалар арқылы дөңгелек түсіруге болады.

Ескерту: Балалар, сүрткішті дұрыс пайдаланамыз, бір-бірімізге бөгет жасамай, дұрыс отырамыз.

-Ал балалар, сендер отбасы туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Мақал-мәтелдер.

Ақылды қария – ағып жатқан дария.

Ата – балаға сыншы.

Қорытынды

Д/ ойын: «Кімге не қажет?»

Ойын шарты: мұнда балалар әжесіне, атасына, анасына, әкесіне, ағасына, апасына тиісті заттарды атауы керек)

— Бүгін бізге қонаққа кім келді?

— Кімнің отбасымен таныстық?

— Айсананың отбасы қандай екен?

— Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы көресің?

— Сендер кімнің көйлегін безендендірдіңдер?

Тәрбиеші оқу қызметіне қатынасқан балаларды мадақтайды. Тәрбиеші балалардың жұмысын бір-біріне бағалатуды ұсынады.

Үмбетова Мәрзия Әйіпқызы

№59 «Ақбөбек» балабақшасының

II cанатты тәрбиешісі

Атырау қаласы, Ақжар селосы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.