Менің анам бастауыш сынып мұғалімі. Қуатова Балкүміс Назарәліқызының еңбек өтілі 25 жыл. Оның 24 жылын Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясында жұмыс істеп келеді. Білімі жоғары Анам өз мамандығын терең меңгерген, әдістемелік шеберлігі шыңдалған, оқушы шығармашылығын қалыптастыруда әр сабағын заман талабына сай жаңа технологиялық әдістермен өткізетін ұстаз.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі болудың қыры мен сырын меңгерген әрі ұлағатты ұстаз әрі мейірімді анам деген ойға келдім. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсына келіп, І (ілгері) деңгейлік оқуға өзі сұранып, қызығушылық танытты. Заман талабы,уақыт көшіне ілесуді мақсат тұтып,өз әріптестерімен бірге Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін І (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша курсқа барып, жаңа форматты мұғалім болуға ұмтылды. Деңгейлік курсты ойдағыдай аяқтап, І (ілгері) деңгейлік сертификатқа ие болды. Сонымен қатар «Суретті әліппе», «Көркем жазу» таңдау курстарына әдістемелік құрал құрастырып,аудан,облыс көлемінде таратуға рұқсат алды. Көшбасшы мұғалімнің « Өзгелерге үйрете жүріп,өзі де үйрену»қағидасын есте сақтай отырып, өз әріптестеріне жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерту мақсатында бірнеше коучингтер өткізіп, тәлімгерлікпен айналысуда. Бастауыш сынып бірлестігі мұғалімдерімен бірлесе отырып,өз тәжірибесімен бөлісуде. «Білім беруде топтық жұмыстың тиімділігі», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануда диалогті оқытудың маңыздылығы» тақырыбында коучинг, «Оқушының оқу жетістігінің бағалау критерийі» тақырыбында кәсіби әңгіме жүргізді.Бастауыш сынып бірлестігі мұғалімдерімен бірлесе жұмыс жасай отырып өз тобын құрып,тәлім алушымен де тығыз байланыста болып жұмыс жүргізуде.Аудандық білім бөлімінің әдіскерлерімен бірлесе «Оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану арқылы оқушыларды жан-жақты дамыту» тақырыпта аудандық семинар өткізді. Семинарға барлық аудан мектептерінен бастауыш сынып мұғалімдері қатысып тәжірибе алмасты. Осы семинарда менің анам жаңа әдіс тәсілді насихаттау мақсатында топтық әдіспен бірнеше ашық сабақтар,коучинг және де шеберлік сыныбын өткізді. «Жалқы есім мен жалпы есім» тақырыбында сабақ көрсетті. Мектепшілік өткізілген бастауыш сыныптар апталығында да математика пәнінен «Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу»тақырыбында ,деңгейлік курстан өткен мұғалімдер апталығында да бірнеше ашық сабақтар берді. Мен өз анамды мақтан тұтамын, оның да менімен мақтанғанын қалаймын, соған лайықты тырысамын. Менің болашақтағы мақсатым – еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қосу, саналы да салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу!
Ғалия Қабылқызы Сейтжанова,
28 сәбилер бақшасының тәрбиешісі,
Павлодар қаласы.