Home » Жаңалықтар » Менің алғашқы түлектерім

Менің алғашқы түлектерім

Осыдан төрт жыл бұрын  қараша  айында Целиноград ауданындағы  №2 Қосшы орта мектебіне  жұмысқа кіре сала  11 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі болып бекітілдім.
Өзім тәлім- тәрбие беріп, жетелеген сыныбым болмаса да алғышқы шәкірттерім маған өте ыстық болды.Сыныптағы тел қозыдай болып қатар өткен тоғыз ұл, тоғыз қыз бір үйдің баласындай тату еді.
Бір қарағанда қарапайым оқушылар сияқты болғанмен, жүректері лаулаған,қиял мен арманға  толы оқушылар еді. Әрине  басты армандары ҰБТ- дан аман- есен өтіп, грантқа түсу еді.Сонымен қоса мектепішілік сайыстарға шамамыз келгенше  белсене қатысып жүрдік. Қыз сынынан  Утеугалиева Баян бас жүлдеге  ие болса, сынып ұлдары облыс көлемінде КТК сайысынан II орынға ие болды.Оқушыларым өте шығармашыл, ақылды, шыншыл еді. Болашаққа  қатысты әр қайсысының іштей арманы, алға  қойған мақсаты болды. Сыныптан жалпы саны ҰБТ — ға 17-оқушы қатысып, 11- і мемлекеттік оқу  грантына ие болды.
Мен осындай талантты шәкірттеріммен мақтанамын.Өмірде тек сәттілік,бақыт тілеймін. Ұстаз ретінде алғаш рет болашақ өмірге қанат қақтырған  оқушыларым өздерінің  ерекшелігімен менің есімде қалды.Қазір олар жоғарғы оқу орнының студенттері атанды. .Әрқашан шәкірттерімді мақтан тұтамын және жақсы көремін.

 

Сейткамзина  Маржан
№ 2 Қосшы орта мектебінің тарих және  география
пәндері мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.