Спорт денсаулық кепілі ғана емес жанның да саулығы боп отыр. Дәл осы бағытта кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентті Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жиырма бес жылдығына арналған пошта маркаларын қалыптау рәсімі және Олимпиадалық қозғалыс көрмесінің салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылу лентасын қию ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Жұмабеков Бейсембай мен күрестен тұңғыш олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері Үшкемпіров Жақсылыққа бұйырды.
1998 жылы еліміз Халықаралық Олимпиада Комитетінің жүз тоқсан екінші мүшесі болып қабылданып, өз әнұраны шырқалып, көк байрағы әртүрлі халықаралық жарыстарда желбірей бастады.
Көрмеден біздер нені байқайқадық. Еліміздің спорт шыңындағы жиырма бес жылдық тарихын, қоржынымызға салған спорттық олжаларының коллекциясын және қағаздан жасалған бейнелерін көрдік. Бұл көрме мамыр айының 2-сіне дейін жалғасады екен.
Көрменің ашылу салтанатына елім деп белдескен тарландарымыз бен арландарымыз да келген болатын. Олар Жақсылық Үшкемпіров, Гузель Манюрова, Бақтияр Артаев.
Қуаныш Тұрғанбай