Home » Жаңалықтар » Мемлекеттік тіл – Ұлт бірлігінің тілі

Мемлекеттік тіл – Ұлт бірлігінің тілі

№ 48 «Ақ көгершін» балабақша жанында орналасқан шағын орталықта «Мемлекеттік тіл – Ұлт бірлігінің тілі» Қазақстан халқы тілдері айлығының өткізілуі туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек айында  Астаналалық №48 «Ақ көгершін» балабақша жанында орналасқан шағын орталықта Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»-деген қанатты сөздерін басшылыққа ала отырып, мемелекеттік тіл-қазақ тілін көркейту мақсатында «Мемлекеттік тіл — Ұлт бірлігінің тілі» атты Қазақстан халқы тілдері мерекесі аталып өтілді. Мереке барысында бүлдіршіндер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер мен әндер айтып, ұлттық ойындар ойнады. Мың бұралған биші балақайлар тамаша би билеп, мерекеге шаттық, қуаныш сәнін келтірді.

 

 

 

 

 

Л.Бурумбаева
Шағын орталық әдіскері

  

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.