Қазақтың ұлы лирик ақыны М. Мақатаевтың үш бақытының бірі санаған – тіл туралы айтқым келеді. Тіл бұл – әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес асыл мұрасы, барша халықтың ортақ төл перзенті. Тіл – адам, ұлт, мемлекет, руханият, тарих, өркениет, байланыс құралы, айта берсек таусылмастай қазына. Жалпы, әрбір мемлекет ел болғаннан кейін оның ұлттық тілі, ана тілі болады. Қазіргі таңда татулық-бірліктің тірегі болып тұрған қазақ тілін кейбір жандар сырттан келіп меңгере алмай жатса, бәзбіреулер өз елінде жүріп өзінің ана тілінде сөйлеудің орнына көбінесе үйреншікті орысшасына басады. Иә, бұл қуантарлықтай жайт емес, тілді білу – өз ұлтыңды тану, ұлт қасиетін, мінезін, ойын, жан-дүниесін, сырын білумен қатар, дәстүріңді жаңғырту болып саналады. Бұл менің мемлекеттік тілімнің пәлсапасын білдіртеді. Алысқа бармай-ақ қарапайым өзім оқып жүрген білім ордасынан бастайын, мектебім – арнайы қазақ тілін тереңдетіп оқытатын қазақ мектебі. Ішіндегі берілетін білімі де қазақша. Алайда көкейімдегі бір сұрақ үнемі толғантады. Алып отырған біліміміз қазақ тілінде болса, неге мектептің тең жартысы үзіліс кезінде, асханада, сабақ басталар кезде үнемі орысша күбірлесіп тұрады? Осы жағдай менің еңсемді біршама түсіргендей болды. Бұл тіпті біздің күнделікті дағдымызға айналғандай. Орысша білмесең сен олардың қатарынан қалғандайсың, менсінбейтіндей көрінеді. Мектебімізде қазақ тілі, қазақ әдебиеті сынды сағаттар бар ғой, шіркін, кейде солардың өзі де аз көрінеді. Оқуын оқып, үйренудеміз, тек мемлекеттің берген бағдарламасымен жүріп жатырмыз. Өзімнің пікірімше, тек қазақ тілін ғана біліп сайрап тұру мүмкін емес, орыс тілін білсің, ол – ресми тіл, ағылшынын үйренсің, ол – халықаралық тіл, бірақ мемлекеттік тілді білу – шарт.
Ділдахан Майра,
№77 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы,
Астана қаласы