Home » Білім және өнер » Мемлекеттік тілді меңгеруден сайыс өтті

Мемлекеттік тілді меңгеруден сайыс өтті

Павлодар облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде «Асыл сөз» сайысы өткізілді.

Оған 19 өзге ұлт өкілі қатысты.

Қазылар алқасы құрамында: қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, Қазақстан халықтар ассамблеясы жанындағы «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды.

Сайысқа тілді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен қатысқан студенттер көрермендер алдында жүрекжарды ізгі ниеттерін өз өнерлерімен тарту етті. Сайыс бағдарламасы 3 кезеңді қамтыды: бірінші кезең – өздерін таныстыру, екіншісі – шешендік өнерлерін көрсету, үшінші – түрлі сұрақтарға жауап.

Қазылар шешімімен, үш кезеңнен сүрінбей өткен Павлодар инновациялық көп профильді колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқитын екінші курс студенті Лаура Торгашина жүлделі І орынды жеңіп алды. ІІ орынға медициналық жоғары колледжінен Виктор Кудинов пен сервис және тамақтандыру колледжінің студенті Зарина Бычелева еншіледі. Жүлдегер Лаура Торгашина сайыстың республикалық кезеңінде Павлодар облысынының намысын қорғауға жолдама алды.

Айгүл МОЛДАШ,

Білім айнасы,

Павлодар

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.