Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) » МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын  талқылап,  президент ұсынған идеяға бірауыздан қолдау білдірді.

Биыл таныстырылған маңызды құжатта тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономиканы дамыту мәселелері бойынша көптеген жобалар қамтылған. Әдеттегідей Президент әлеуметтік жаңғыру мәселесін ерекше назарға алып,  әлеуметтік салаға, соның ішінде білім беру сапасын жақсартуға баса мән беру керектігін түсіндірді.   Осы ретте жалпы білім беретін мектептер жүйесі оқушылардың қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуі қажетілігі туындайды. Яғни ол орта білім берудің ұлттық стандартының негізі бола алады.

Ұстаздардың айтуынша, биылғы жолдау барлық салалар бойынша жаңа бағыттарды айқындап берді.  «Жолдауда Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау қадамдары көрініс тапты. Экономиканы әртараптандыру механизмінен бастап халықтың әлуақатын көтеруге дейін нақты мақсат-міндеттер көрсетілген. Әсіресе, биліктің ашықтығына жұмыс жасау қадамдары қуантады.  Жаңа 2020 жылда жаңа тиімді реформалар мен халық үшін пайдалы жаңалықтар көп болатынына сенімдімін. Және барлық жоспарланған істер мемлекетімізді дамудың жаңа сатысына көтеріп, халықтың өмір сүру сапасын жақсарта түсетініне сенім мол», — деп бөлісті жаһандық перспективалар мен жобалау жұмыстары пәнінің мұғалімі Ғалымжан Маханов.

Жиналыста ұстаздар қауымы бірауыздан президент идеясын  қолдайтындықтарын  білдірді.  Мектеп директоры Бахыт Жұматай Жолдауда айтылған мәселелердің барлығы өзекті екенін айтып,  айқындалған міндеттерді орындауда әрбір мұғалімнің атқарар рөлінің зор екендігін  түсіндірді.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.