Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын талап. Дәстүрлі мұғалім «жеткізуші», ал оқушы «қабылдап алушы» қазіргі нарықтық бәсеке заманында тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке де, мұғалімге де қатысы жоқ деп айта алатындар қателеседі. Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі-ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстануына әсер етеді. Кәсіби құзырлылық — мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сыйлау, олардың құқығын ар-намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, оқушыларына тәлім-тәрбие де бере алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім-бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйымдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ-емес. Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты — оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану, топтық жұмыс дағдыларын дамыту, әрекеттерге үйрету нақты ситуацияларды талдау. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.
Мұғалім барлық балаларға бірдей қарап бәріне бірдей талап қойғыш болғанда, нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады. Бұл сыныптың ұжымдық жұмысына психологиялық жағынана жақсы жағдай жасап оқушылардың жетістіктерге жетуіне көмегін тигізеді.
Оқушылардың өзіндік қызығушылығы бар жұмыс жасаған кезде мұғалім оқушыға берілген бағадарламалық материалға жылдам араласып, балалардың түсіну деңгейіне қарай матераиалды тез түзетіп отыруы керек. Осындай жұмыстарды дайындауда оқушылардың білім деңгейінің қалыптасуына көңіл бөлініп, оқушылардың жетістіктерге жетуіне жетелейді.
Оқушы өмірінде қуаныш немесе оны тәрбиелеу түсінігі ерекше орын алады. А.С. Макеренко, В.А. Сухомилинский сияқты педагогтардың еңбегінде мектеп қуанышын, лекцикалық түсінігін педагогикаға енгізген. Оқушылардың жетістіктерге жетуіне әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Ұстаз, оқушылармен, жұмыс жасайтын топтарды да қолдануға болады. Ол үшін қуаныштың түрлері кезедеседі:
- Орындалатын қуаныш
- Күтпеген қуаныш
- Отбасылық қуаныш
- Тану қуанышы
Дамыта оқыту — баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсат, ар-намыс, мақтаныш сезімі дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.
Мектептерді ізгіліктендіру демократияландыру және ұстаздардың шығармашылық талабын қолдау негізінде әр түрлі эксперименттерге жол беру арқалы оқу мазмұны да жаңартылуда, яғни оқушылардың қабілетін табиғи ерекшеліктерін, дарындылығын ескере отырып, әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытып, оқушы өзіне қызықты пәнді таңдау және оған сәйкес әр түрлі тапсармалар арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру. Мұғалім оқушыларға әрдайым көмек беруге дайын тұрып, өзін сабырлы ұстап, төзімділік нұсқасы сынды бола болуы тиіс.
Сабақ оқушыларды жалықтырмас үшін әрбір сабақ оқушы сеніміне ынта-ықыласына әсер еткізіп түрлендіріп, жаңаша оқу әдістерді шығармашылық, ізденімпаздығын қалыптастырып оқушыларға сұрақтар қою, эксперименттік мәні бар тапсырмаларды шештіру, сөзжұмбақ құрастыру ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру оқушылардың жетістіктерге жетуіне үлкен септігін тигізеді.
Оқушыларға терең де тиянақты білім беру мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігіне түрлі әдіс тәсілдерді тиімді пайдалануға байланысты. Осы мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Сөйтіп оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруге болады.
Танымдық шығармашылықты дамытуды үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең — ойлаудың өз бетінше белсенділігі, шығармашылық қабілетіне қолайлы жағдай жасау. Оқушының сабақты қабылдауы, зейін, еске сақтау қабілеттері.
Екінші кезең — жаңа ұғымдарды қалыптастыру мақсатында ой қызметін ұйымдастыру. Бұған жаңа сабақ бойынша нақты түсініктеме, анықтама, тұжырымдама кіреді.
Үшінші кезең — түсіндірілген тақырыптың практикалық мәнін ашып көрсету немесе түсіндіру. Оны ғылыммен байланыстыра отырып, ғылымның соңғы жаналықтарын, жетістіктерін баяндау.
Оқушылардың оқу-таным белсенділігін арттыру, оқу жүйесін олардың өз бетінше танымдық ынтасымен шығармашылық қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастыру, деген сөз. Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын тіл туралы қызықты материалдар, сөз жұмбақтар, ребус, мақал-мәтелдер, сканвордтар құрастыру. Сонымен қатар сабақ үстінде ойындар ұйымдастырып оны сабақта тиімді қолдана білу. Оқушыларға қызықты тапсырманы сабақтан тыс уақытта, үйірме жұмыстары кезінде де берген тиімді. Себебі оқушы өз бетімен жұмыс жасап ізденеді.
Оқушы қабілетіне дұрыс көзқараспен қарау, окушының өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау оқу тәрбие ісінде оң жетістіктер береді. Үздіксіз оқыту процесінін барлық бөліктерінде танымдық қызметтің артуына байланысты жаңа ойлау жүйесі отырады. Оқушының алғаш алған қарапайым білім қоры оны күрделі ғылым салаларын оқып үйренуге жетелейді. Міне, осы аралықта әр пән бойынша алған білім зандылықтарды біріктіре қорытындылай білетін бала зор табысқа жетеді. Сондықтан осы тұста әрбір мұғалім оқушынын танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда өзіне өте жоғары талап деңгейінде көрсете білуі басты мақсат.
Танымдық қызметті арттырудың бір жолы берілген материалдың теориялық мәні мен өмірлік тәжірибеде қолданысын ашып беру болып табылады. Егер оқушы берілген материалдың өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданып және әрбір сабақтың өткен материалдармен байланысты екеніне көз жеткізсе білімге деген ынтасы артады. Оқушы бойында танымдық қызығушылықты арттыру үшін мына мәселелерді есте сақтау керек:
- Материалдық сілтеме тағайындау;
- Алдын-ала қажетті мәліметті беру;
- Оқушыны психологиялық тұргыда дайындау;
а) Мұгалімге, пәнге дұрыс көзқарас,
ә) пәнге саналы қатынасы және берілген білімнің тәжірибелік мәні мен мүмкіндіктерін игеру.
Қорытындылай келе, мұғалім оқушының қызығушылығын туғызуда басты рөл атқарады. Оқушынын мүддесіне сай жеке тұлғалық, өзіндік қызметін қалыптастырады, бұл істің келешектегі мәнін түсіндіріп береді. Ең бастысы ол танымдық қызығушылықты қалыптастыратын жұмысты ұйымдастырушы болмақ. Сонымен бірге мұғалім жаңа мәселелерді шешетін қызмет мәнін жаңартып бала тұлғасының, білімінің артуына септігін тигізеді. Осыған байланысты оқушының танымдық қызығушылығын дамыту арқылы шығармашылыққа баулуды жетістектері деп білемін.
Г.А. Мағзұмова
Астана қаласы,
«Почемучка» дамыту мектебінің
қазақ тілі мұғалімі