Home » Поэзия » Мектеп-Мекенім!

Мектеп-Мекенім!

 

Мектеп-Мекенім!

Төбесінде  жарқырар ашық  аспан,

Ал, ішінде биікке ұмтылған үн.

Бұл  мекен күн сəулелі бағын ашқан,

Сөзі зерлі бүгінде мың тұлғаның.

 

Рухы нық, еңсесі бүгілмеген,

Оқуда ерек еткен озатын бар.

Бұл мекенде бектелген білімменен,

Көкке қарай үмітін созатындар.

 

Жақсылыққа жетелеп сыйы мүлде,

Алға қарай басуда тең істермен.

Бұл мекен біліктілік биігінде,

Көрінген талай-талай жеңістермен.

 

Серт еткен тəуелсіздік туына нық,

Самғаған мəңгіліктің əлемімен.

Бұл мекенде шəкірттер білім алып,

Адамдықтың сан жылдық дəні егілген.

 

Ақ жырымды ақ қылып, жалғасын əн,

Тілегімді таратсын тұра қалып.

Мекенімнің сарқырап арнасынан,

«Білім» дейтін тұрғандай бұлақ ағып.

 

Білімді серік етіп, жалын қылып,

Бабамның  ұлағатты  төккен үнін.

60-тың арда жылын бағындырып,

Мектебім қолын созды көкке бүгін.

 

Жеңісінің желегін ұқтым əр күн,

Шəкірттің орындалса арман əні.

Жыр мектебім — мекені мықтылардың,

Шығар биік жеңісің алда бəрі..!

 

Келешегі келбетті кемелденген,

Өткеннің тарихында бай  дерегі.

Талабы зор, тамыры тереңге енген,

Жасай бер, өр білімнің бəйтерегі..!

 

Ахметова Самал,
Педогог ұйымдастырушы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
№71 мектеп
Арал қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.