Home » Мақалалар » Мектеп – киелі орын!

Мектеп – киелі орын!

Ия, мектеп киелі орын! Кім болса, сол таптап ойына келгенін жасай алмайды деп ойлаймын. Тіршілікте жан – жануар мен жәндіктерден басқа кеудесінде жаны бар адамзат баласы мектеп көріп тәрбиеленіп шыққан. Мектеп – білім айнасы. Білімді – ұрпақ біздің болашағымыз.

Бұл мақала арқылы мектебіміздің мақтанышын айтқым келіп отыр. Қазіргі таңда Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп тек біздің емес, бүкіл қала мақтанышы десем артық емес шығар.
Бұл мектеп – тасы қаланғаннан киелі. Себебі: осал адамдар басшылық еткен жоқ. Мен көзімді ашып жаңа №8 орта мектеп болғалы Рысты Ерғалиева, оның артын жалғаған Алдашева Күлаш Тасеменқызы. Міне, содан бері «кім» — деген апайлар мен ағайлар басқарып отырды. Еш уақытта құнын жоғалтқан емес. Қазіргі таңда Бимағамбетова Күрең Кітібайқызы басқарып отыр. Оғанда бірталай уақыттың көзі болды. Апай сырттай қатал, іштей жаны жұмсақ, сөйлеу мәнеріде бір типте ұжымды танып, жылдам қоян – қолтық араласып кетті. Кейде қарап отырып өзімше «жұмбақ жан» деп таң қалам. Дәл, ата – анасы басшы етіп туып өсіргендей болып көрінетін. Жұмыстың көзін өте танитын басшы дейсің!

Оқу ісінің меңгерушісі Демиханова Ақнұр. Жас маман. Бірақ жұмысының қас шебері. Қандай сұрақпен келсең де түнімен дайындалып «кімнің» «не» сұрайтынын білетіндей дайын тұрады. Өте сүйкімді қыз.

Әдіскеріміз – Қожанова Зинаида мектептің жүрегі. Кез келген мұғалімге шын жүрегімен күйгелектеніп көмектесіп жататыны, тек қана маған емес барлығына ұнайды. Себебі: қазіргі білім саласындағы көптеген өзгерістер қай мұғалімді де есеңгіретіп тастайтыны анық. Түсініп тұрып, түсінбейсің. Әсіресе бұрыңғы методиканы қанымызға сіңіріп алған біздер сияқты мұғалімдер.

Бастауыш сыныпқа тоқталып өтетін болсақ, себебі: өзім бастауыш сынып мұғалімімін. Біздің жанашыр басшымыз Құспанғалиева Ардақ. Бізге басшы болып келгенде «мамандығым басқа, ортам басқа» — енді қалай болар екен дегендей көз қараста келді. Бірақ, қазір бастауыш сынып маманы дерсің. Өзінің сауаттылығымен, өзінің мінезінің жұмсақтығымен айналасын үлкен демей, кіші демей сыйлағанының арқасында өзі де сыйлы.

Мен бұны не үшін айтып отырмын, барлығы өз орнын білгендей. Өз жұмысын тиянақты атқаруы арқылы, бүкіл мектеп қандай сынақтар келсе де, қандай тапсырмалар келсе де сүрінбей биіктерден көрініп отыр.

Тек биіктерден көрінді деу де аз. Биылғы 2018/2019 оқу жылындағы жетістіктері шаш етектен. Бимағамбетова Күрең Жаңбырбаева Ақтөре Қасенова Дина сынды мұғалімдер ерен еңбектері үшін Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына медаль тақса, Облыстан екі мұғалім жүлделі орынмен Тұрсыналиева Алмагүл сынды мұғаліміміз өзіміздің Білім министрі Сағадиевтен марапат алып отыр. Бұл «осы қалай», ірі-ірі көрсеткіші. Ары қарай жетістігі мол осынау Қашаған Күржіманұлы атамыздың атымен аталған мектебіміздің тұғыры одан әрі мықты болғай. Елеулі еңбектері еленіп жатырған ұстаздар аман болсын!

Сол шаштары ағарып, көзінің майы таусылып бойындағы бар жақұттарын шашып оқытқан балаларымыз биіктерден көріне берсін!Осындай мектепте жұмыс жасап жүрген жастарымызға үлгі тұтар апаларға, ағаларға қарап бой түзеп, білікті маман болғай деп тілеймін.

Жұмабаева Ақбалдай Қонысбайқызы
Жаңаөзен қаласы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы
№8 мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.