«Бала-басты байлығымыз,
ал ең асылымыз оның тәрбиесі»
Жүсіп Баласағұн
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің ең басты міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Тәрбие мен білімнің алғашқы діңгегі мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Қазіргі заман талабына қойылып отырған маңызды мәселердің бірі — жан-жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу болып келеді. Балабақшадан берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасы мен балабақша тығыз байланыста болса ғана мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз бала тәрбиесі ісіне ата-ананы да жұмылдырып, тәрбие жұмысын бірге жүргізуіміз қажет.
Осы мақсатта №8 бөбекжай-бақшада ұйымдастырылған оқу қызметін беру барысында тілдік материалды есте сақтау мақсатымен суретті символды, мнемотехника мен тірек-сызбалары қолданылады. Мектепке дейінгі бала әріптерді танымас бұрын суретті сызбаларды қолданып, сөздерді дыбыстап сөйлем құрастыруға машықтанады. Бұл әдісті ата-аналардың отбасы жағдайында қолдануға баламен бірге сөздерді жаттауға мүмкіншіліктері болады.
Мектепке дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Ойын-тапсырмалармен жаттығулар тілді дамытумен қатар барлық сезім мүшелерінің жұмысын, танымдық белсенділігін арттыра түседі. Яғни тірек кестелер мен белгілерді тез ұғынып, есте сақтап баланың өзіндік жұмыс жасауына жағдай жасайды. Байланыстыра сөйлеу дағдылары шартты белгілер, суреттер, сызбалар, арқылы дамытылады. Балалардың есту, көру, ойлау қабілеттері танымдық іс-әрекеттері арқылы жетілдіреді.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп, Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан — жақты тәрбиелеу мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен шығармайық. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.
Кожагельдинова Акмарал Асановна,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№8 бөбекжай-бақшасының әдіскері