Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда ертегі терапиясының маңызы

Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда ертегі терапиясының маңызы

 

«Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін, жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе» деп М. Жұмабаев айтып кеткендей, ертегінің бала тәрбиесінде алар орны ерекше.

Қазіргі заманауи замандағы балаға ертегіні құрғақтай оқып беру немесе оның кейіпкерлерінің бейнесін бейнелеу, мазмұндары жайлы айту өте аз. Үшінші мыңжылдықтың балаларымен ертегінің мәнін талдау, онымен бірге ізденіп, өмір сабақтарын жасырын мәнін ашу керек. Бұндай жағдайда баланы ертегі ақиқат өмірге апармайды. Керісінше, ақиқат өмірде белсенді жасампаз болуға көмектеседі. Ертегі сабақтарын шешкен кезде, ертегі әңгімелер өмір процестерінің қозғалысы туралы ақпарат бар екендігін көрсетеді. Ертегіде адамның жалпы қиындықтарын және бейнелік әдіс пен шешімдерді көруге болады. Әрбір оқыған ертегілерді балалармен ойластырсақ, әңгімелесек, онда баланың санасында жасырылған жағдаяттар белсенді болады, соқыр сезімде емес санада болады. Осылай баланы өмірге дайындауға маңызды құндылықтарды реттеуге болады.

Ертегі терапиясының пайдалану жолдары:

Ертегі терапия жайлы айтқанда, ертегі терапия – ертегімен емдеу деген сөз.

  • Ертегі терапиясы – мағына іздеу процесі, өмірдегі қарым-қатынас туралы, өмір жайлы білімнің кілті.
  • Ертегі терапиясы – бұл ертегідегі сәттер және өмір ағынының арасындағы байланыс жайлы білім беру процесі. Бұл процесс – ертегі өмірінің ақиқат өмірге айналуы.
  • Ертегі терапиясы – проблемалық сәттердің объективті процесі.
  • Ертегі терапиясы – тұлға әлеуеттілігін белсендіру процесі.
  • Ертегі терапиясы – жан-жақты жетілдіру мен тәрбиелеу процесі.
  • Ертегі – таңғажайып, ал таңғажайып дегеніміз, ол – басқа кейіпке айналу.

Ертегі терапиясы – ол қоршаған орта терапиясы. Ерекше ертегілік жағдайда әлеуеттік тұлғалар пайда болып, мүмкін емес жағдайлар іске асырылады, ең үлкен арман-қиялың орындалады, ал ең бастысы – қорғаныс сезімі және құпия-сыр пайда болады.

Ертегі терапиясымен адамдар әрдайым айналысқан. Тек басқаша атаған. Ертегі терапиясын дамуының төрт кезеңін ерекшелеген. Ескерілетіні, 1 бөлім бітпейді, 2 бөлім жалғастырылады. Сондықтан да әр бөлім жаңа процесті ашады.

І бөлім – халық ауыз шығармашылығы. Оның бастауы ғасырлар басында жоғалған, бірақ ауызша айту процессі соңынан жазбаша айналып, әлі күнге дейін жалғасуда.

ІІ бөлім – ертегі аңыздар мен ертегілер зерттеулер жинағы. Ертегі аңыздар зерттеулерінің психалогиялық түбі К.Ю. Юнг; Б. Беттельхейм; В. Пропп аспектілерімен байланысты.

ІІІ бөлім – психотехникалық. Барлық педагогикалық, психологиялық, психотерапевтикалық технологияларда «ертегі құрастыру» әдісін қолданған.

Ертегі терапиясы процессінде қазіргі таңда 5 ертегі түрі қолданылады. (Т.Д. Зинкевич – Евстегнеева жіктеуі бойынша):

  1. Көркемдік
  2. Дидактикалық
  3. Медитативті
  4. Психотерапевтикалық
  5. Психокорекциялық, көкейкесті жағдайлар сәйкестігін құрайды және мынадай ұсыныстарды: анализ, келбет терапиясы, сурет салу, қуыршақ терапиясы, құмсауытта ертегіні ұйымдастыру, сахнаға көрсету және т .т ұсынады.
  6. Ертегі терапияның ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән уақиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Ертегімен жұмыс жасау барысында мынадай әдістерді қолданған жөн:

ертегіні талдау;

-ертегіні әңгімелеу; бұл әдіс баланың елестете алу қабілетін дамытады;

-ертегіні басқаша өзгерту, бұл әдіс арқылы бала өзінің бойындағы өзгерістерді көрсетіп, шешімін таппай жүрген жағдайларды шешуге көмектеседі;

-қуыршақтар арқылы сахналау. Бұл баланың қимыл-қозғалыстарын шынайы етіп, рөлді сомдай алуына көмектеседі.

Сонымен ертегі терапиясы арқылы баланың:

  • Сөздік қоры дамиды;
  • Қиялы дамиды;
  • Қарым-қатынастары жақсарады;
  • Шығармашылық қабілеттері дамиды;
  • Эмоционалдық қалыптары түзеледі.

Болашақта шығармашылық логикасы дамыған, еліміздің іргесін берік қалайтын жастар тәрбиелегіміз келсе, ертегіге ерекше көңіл бөлейік.

Г.С. Ахметова,

№5 сәбилер бақшасының тәрбиешісі,

Павлодар облысы, Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.