Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Соңғы жолдаудың ерекшелігі сонда, ол бізге жаңа әлем – Төртінші өндірістік төңкеріс әлеміне бейімделуіміз үшін қандай шараларды жүзеге асыруымыз қажеттегін айқындап берді.
Жаңа 2018 жылдың табалдырығында тұрған еліміз көптеген жетістіктерге жетті.
Президенттің Жолдауында елдің одан әрі дамуы үшін әбден ой талқысынан өтіп, уақыт тезімен түзелген нақты қадамдар ұсынылған. Жолдауда Мемлекет басшысы жүзеге асыруымыз үшін нақты 10 тапсырма берді. Олар:
1) Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс;
2) Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту
3) «Ақылды технологиялар» — агронөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкнідігі;
4) Көлік – логистика инфрақұрылымның тиімділігін арттыру;
5) Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу;
6) Қаржы секторын «қайта жаңғырту»
7) Адами капитал – жаңғыру негізі
8) Тиімді мемлекеттік басқару
9) Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі
10) «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін
Жолдауда айтылған тапсырмалар Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен басқа да құрылымдары жүзеге асыратын жұмыстардан айқын көрініс табатын болады деп Қызылорда қаласының білім бөлімінің «Баларман» балабақшасының меңгерушісі З.А. Абибуллаева 2018 жылдың 24 қаңтарында жалпы ата – аналар жиналысында Елбасының жолдауымен таныстырып кетті. Ата – аналар Елбасы жолдауын жақсы қабылдап, өз пікірлерін жақсы білдірді.
Жиналысқа Облыстық Салауатты өмір салтының қалыптастыру орталығының дәрігер – маманы Болатбекова Индира Маратқызы қатысты. Сонымен қатар Болатбекова И.М. «Балапан» ІІ кіші тобының «Спорт – денсаулық кепілі» атты спорттық сайыс, «Шаңырақ» ортаңғы тобының «Жол ережесін білейік!», «Айжұлдыз» ересек тобының «Бағдаршам» іс – шараларына қатысып шықты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қысқы травматизмін болдырмау және алдын – алу, балалар жол қауіпсіздігі туралы айтып және электрондық нұсқада көрсетілді.
Балабақша жасындағы балаларға ата – аналары көшеден өтерде тек бағдаршамның жасыл түсін күтіп, сосын барып келесі бетке өтуін, машина көп жүретін жерлерде балаларды қараусыз қалдырмау керек екенін, машинаға қарсы ойнап шығуға болмайтынын айтты.
Ал, үй жағдайында балаларға сіріңкемен, оттықпен ойнауға болмайтынын – бұл өртке әкелетінін, газ плитаға жақындамауын, газ плита жанып тұрғанда ас үйге жалғыз қалдырмау, ток көздеріне оған қандайда бір затты тықпауын қадағалау, балаларының терезе алдына шығып кетпеуін қатаң ескертті. Қыста аулада ерекше сақ болу керек. Балабақшаға және үйге барар жолда ата – ананың баланың денсаулығына қатты мән беріп, қалың киіндіріп, үсіп қалмау жағдайын жасау керектігін әрбір ата – ананың міндеті.
Қорыта келе Облыстық Салауатты Өмір салтын сақтау орталығының дәрігер – маманы Болтабекова Индира Маратқызы ата – аналарға алғысын білдіре отырып, «Баларман» ұжымының белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат табыстады.
Ендеше отбасы, балабақша және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы күннен — күнге арта беруі тиіс.
Жұбанова Арайлым Нұрланқызы,
Қызылорда қаласының білім бөлімі,
«Баларман» балабақшасы