Home » Айтарым бар » Мектеп — білім тірегі, Ұстаз — оның жүрегі

Мектеп — білім тірегі, Ұстаз — оның жүрегі

Құрметті, мектебіміздің директоры, әрі ұлағатты ұстазы Жүсіпова Ләйлә Бажқызы! Сіз – бәріміздің қамқоршымызсыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етемін!

Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, мектеп директорының орынбасары қызметінде жүріп, қарапайым да, биязы, сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен шәкірттер тәрбиелеп, әрбір керемет ақыл-кеңесіңізді айтып, мектебіміздің биік шынды, белестерді бағындыруына талмай еңбек етіп, педагогикалық қызметінде биік құрметке ие болып, біздерге ұлағатты ұстаз, үлгілі өнеге болып жүргеніңізге мың да бір рахмет айтып, шәкірттік, әрі жас мұғалім ретінде ықыласымды білдіргім келеді.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атамыз: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» — деген. Өзінің игі ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сізді үлгі-өнеге тұтамын. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы және мектебіміздің көркейуіне қосып жатқан толымды еңбегіңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сізді шын жүректен құттықтаймын. Сізге өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Әрқашанда жүзіңізден күлкі кетпей, тәрбиелеп шығарған балаларыңыздың құрметіне бөленіп жүре беріңіз. Ешқашан жаманшылық көрмей тек қуанышты күндеріңіз көп болсын. Осы атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметіңіздің тек жемісін көріңіз. Мектебімізде шығармашылық, ғылыми жаңалықтарымыз, жетістіктеріміз көп болсын. Отбасыңызға бақыт-береке, мол табыс тілеймін.

                                                                 Гүлназира Бекболат

№ 37 жалпы орта білім беру мектебінің

                                                                 Бастауыш сынып мұғалімі

Павлодар қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.