Мен 11- 23 маусым аралығында «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ жоспары бойынша «Өзін өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» курсында біліктілігімді арттырдым. Бағдарламаның ерекшелігі -рухани адамгершілік құндылықтарды тұтас педагогикалық процеске интеграциялау дағдыларын дамыту.
Курс барысында тренеріміз Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы мазмұнды дәрістер мен тренингтер жүргізіп, түрлі топтық шығармашылық жұмыстар ұйымдастырып, рухани-адамгершілікке байланысты фильмдер көрсетіп, 3 модуль бойынша презентация қорғатып, педагогикалық шеберлігіміздің арта түсуіне ықпал етті. Курстың тәжірибелік бөлімінде Ақтау қаласының №33 «Әлия» балабақшасында көшпелі әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарда әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, белсенді қатысып, шеберлігімізді шыңдадық.
Курс маған ерекше әсер қалдырды. Өйткені, мұғалім тек оқытушы емес, жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды, жақсы қасиеттерді қалыптастыратын тәрбиеші болу керектігін түсіндік. Жаңа білім бойынша, мұғалім оқушының ішкі рухани адамгершілік әлеуетін аша алатындай жағдай туғызу, оқушының талабын дамыту керек екенін түсіндім. Мектептегі ұстаз –оқушының шамшырағын жағар тұлға болса, жүздеген-мыңдаған ұстаздардың ұстазы –тренерлеріміз сол шамшырықтардың жарқырауына ықпал ететін негізгі тұлғалар.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» бағдарламасында алған теориялық білімдерімізді тәжірибе жүзінде қолданып, болашақ ұрпақты тәрбиелеп, шәкірттерді білім нәрімен сусындатып еліміздің болашағын жарқын етер ұрпақ тәрбиелейміз деген сенімдемін.
Курс жоғары деңгейде өтті. «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұжымына, директоры Джумагалиева Индира Таумушевнаға, тренеріміз Нұрова Рысгүл Жұмажанқызына алғысымыз шексіз.
Казтурганова Байрамгул
Мұнайлы ауданы,
№7 жалпы білім беру орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі