Home » Жаңалықтар » Мектепке дейінгі ұйымдарда «Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәндермен кіріктіріліп өткізілуі

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәндермен кіріктіріліп өткізілуі

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, «Айша — Биби» бөбекжай-балабақшасында ағымдаға жылдың 19 мамырында «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәндермен кіріктіріліп өткізілуі» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру арқылы басқа оқу пәндерінің мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту. Аталмыш семинарда «Алпомиш» ересек тобында Атажанова Наргиза «Мен және басқалар, әдептілік» тақырыбында «Өзін-өзі тану » пәнінен ашық ұйымдастырылған оқу қызметін және Эргашова Фарида ересек тобында «Путь к самопознанию» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәнінен ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу қызметінде дәйек сөз қолдана отырып, дұрыс әрекет құндылығын ашу үшін математика, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі, денешынықтыру, өмір қауіпсіздігімен байланыстыра отырып балаларды мейірімділікке, әдептілікке үйретті. «Өзін-өзі тану» пәні метапән болғандықтан, басқа пәндермен ықпалдасуы үнемі жүреді. Сондықтан да сабақтағы негізгі тақырыпты өмірмен байланыстырса, теория практикаға айналары сөзсіз. Яғни, қоғамға бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға қалыптасады деп сенемін. Әр сабақ барысында құндылық пен қасиеттерді ұштастыра отырып, біртіндеп бойларынан өткізе берсе, ішкі тыныштығы басым, шыншыл, дұрыс әрекет жасай алатын мейірімді ұрпақты тәрбиелеп отыратынымыз сөзсіз.

Абдумажидова Ирода Каримжановна

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы,

Қарнақ ауылы, «Айша-Биби» бөбекжай

 балабақшасының әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.