Home » Баяндамалар » Мектепке дейінгі тәрбие

Мектепке дейінгі тәрбие

Мектепке дейінгі тәрбие – бұл Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесіндегі алғашқы қадам. Бұл мектеп жасына дейінгі кезеңде адамгершілік негіздерінің негізі қалаған әлемді және адами қарым-қатынастарды тану уақыты, сондай-ақ моральдық және рухани сезімдерді қалыптастырудың ақылға қонымды кезеңі. Мектепке дейінгі балаларды моральдық және рухани тәрбиелеу рухани бай, ішкі еркін, тәуелсіз және сонымен бірге әлеуметтік жетілген, жауапты адамға айналатын халықтық дәстүрге негізделген әмбебап құндылықтарға негізделген.
Өзін- өзі тану» пәні бойынша білім беру мазмұны «Мен адаммын», «Қарым- қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім» тараулары бойынша берілген. Бұл тараулардың тақырыптары әртүрлі болғанмен, мақсаттары бір арнаға келіп тоғысады. Әрбір жеке тұлғаға достық, отбасы, Отан құндылықтары туралы алғашқы қарапайым түсініктер беру; мейірімділікке, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке баулу, құрбы- құрдастарымен, өзінен кішілермен және үлкендермен ізгілікті қарым- қатынас, өзін қоршаған орта ғажайыптарын сезініп, табиғатқа зиян келтіруден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеуге бағытталған.

Рухани – адамгершілік тәрбие беру балабақшада балалармен, ата- аналармен жүргізетін барлық тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының барысында жүзеге асады.

«Мен әдепті баламын», «Бәрін жақсы көремін» тақырыптарында сабақтар өткізіліп, сабақтың бөлімдері бойынша фото- көрмелер ұйымдастырылды.

«Қарым- қатынас қуанышы» тарауы бойынша Мектепалды дайындық 5 жас тобы балаларымен салыстырмалы түрде тест жұмысы жүргізілді. Тест қорытындысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жүргізілген оқу- тәрбие жұмысының нәтижелігі байқалды.

Ата-анамен жұмыста ата-анаға бұл пәнді енгізудің мақсат, міндеттері мен бағдарлама талаптары жөнінде кеңестер берілді. «Өзіндік таным» журналында жарияланған мақалалардың ата-анаға пән туралы педагогикалық білім беруде маңызы зор, ата-аналардың «Өзін-өзі тану» пәніне деген пікірлерін оқу, арқылы бұл пәннің болашақ ұрпақтың бойына имандылық құндылықтарын дарытып, жеке тұлғаны ізгілендіруде маңызды екенін, тек балаға ғана емес үлкен адамды тәрбиелеу пәні екені туралы түсініктер берілуде.

Ата – анамен жұмыста сабақта беріліп отырған ұғымдар «Бүгін біз не үйрендік?» жартақтасы арқылы жарнамаланып, бала психологиясындағы өзгерістер туралы пікірлесіп отырылады.

«Өзін- өзі тану» журналдарының кезекті сандарындағы іс- тәжірибелік мақалалар талданып, балабақшаның оқу-тәрбие жұмысына ыңғайластырылып, тәрбиешілер өз жұмыстарына пайдалануда,

Психолог кабинетінде «Рухани- адамгершілік білім беру» бойынша кітап қоры жасақталу үстінде.

«Өзін-өзі тану» пәні мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа пән болғанымен, ересектер және мектепалды дайындық тобы балаларының «білсем, үйренсем, көрсем» деген ынта- тілектерінің өз ішкі сезімдеріне қозғау салып, әр сабақты асыға күтетін деңгейге жетті. Бұл деңгейге жету себебін «Өзін- өзі тану» пәні әдіс- тәсілдерінің тиімділігінен және тәрбиешілердің әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білуінің нәтижесі деп айтуға болады.

Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау — бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте – еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т.б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, — деп атап көрсеткен.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани- адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Сананың қалыптасуы – ол  баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы эқсперимент ретінде жүргізіліп келеді.

ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі болып табылады.

«Өзін-өзі тану» пәні — баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.

Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек.

Халық педагогикасы – нәрестенің  сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының рөлі ерекше.

Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу — әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті»,«Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.

Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. «Сөзді кішірейтіп айт», «Кәне сөз іздейік», моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастырады.

Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылу қажет.

«Өзін өзі тану» пәні бойынша білім беру мазмұны «Мен адаммын», «Қарым- қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім» тараулары бойынша берілген. Бұл тараулардың тақырыптары әртүрлі болғанмен, мақсаттары бір арнаға келіп тоғысады. Әрбір жеке тұлғаға достық, отбасы, Отан құндылықтары туралы алғашқы қарапайым түсініктер беру; мейірімділікке, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке баулу, құрбы-құрдастарымен, өзінен кішілермен және үлкендермен ізгілікті қарым- қатынас, өзін қоршаған орта ғажайыптарын сезініп, табиғатқа зиян келтіруден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеуге бағытталған. Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасын ендіруден күтілетін нәтижелер – балалардың өздерінің саналы түрде басқаруға жағдай жасайтын, жасөспірімге тұлғалық өсудің мақсаттын, бағдарламасын түсінуге және ұғынуға және осының негізінде өзіне деген, айналасындағы адамдармен өз қатынасын үйлестіруге көмектесетін базалық тұлғалық құзыреттілік. «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде әрбір жас кезеңінде даралық өзін-өзі жүреді, оқушылардың бірегей тұлғалық ұқсастығы қалыптасады. Саналы білім, меңгерілген әлеуметтік сапалар, тәрбиелік сезімдер рухани және физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге; азаматтық және жалпы ұлттық өзін-өзі тануға, отансүйгіштікке деген талпынысты оятуға; сондай-ақ, адамды сүюшілік, ынтымақтастық, жауапкершілік принциптерінің негізінде қазіргі әлеуметтік кеңістікке қажетті бейімділік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Қазіргі уақытта жалпы адами құндылықтарды дамыту және нығайту маңызды мәнге ие. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын ендірудің арқасында оқу-тәрбие процесінің жүйесінде әрекеттер спекторы дамытылуда.

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің міндетіміз.

Отарова Гульзада Жексенбаевна,
«Балауса» балабақшасы МКҚК,
Шардара қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.